Menu
Энергия қорларының мөлшері
Дүние жүзінің отын – энергетика байлығын зерттеп, оның мөлшерін анықтауда көптеген ғылыми, халықаралық ұйымдар үлес қосуда. Соңғы кезде дүние жүзі энергетика балансында мұнай мен газдың орнына көмір мен ядролық отынды көбірек пайдалану қажеттілігі айтылуда.

Көмірді дүние жүзі энергетикасында кеңінен пайдалану қажеттілігі үш себептерге байланысты.

Бірінші себеп: тас көмір мен қоңыр көмірдің қыртысындағы қоры көп жағдайда мұнай мен табиғи газ қорынан асып түседі.

Екінші себеп: көмір географиялық жағынан алғанда кең тараған және оның көптеген мемлекеттерге мол қоры бар.

Үшінші себеп: Чернобыль атом электр стансасында болған аварияға дейін атом энергитикасын жылдам дамыту керек деп саналған. Соның өзінде, атом электр стансалары жуық арада энергияға деген сұраныс пен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы үйлеспеушілікті жоя алмайды. Ал Чернобыльдағы авариядан кейін дүние жүзінде атом энергиясын пайдалану қарқыны төмендеді

16.09.2010 18:21 Қазақ тілі Артем 3638 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход