Menu
Кешірім. Извинение.
Өмірде кез-келген адамға үлкенге де, кішіге де кешірім сүрауға тура келіп жатады. "Кешірім сұрай білу - кісілік", - дейді заманымыздың заңғар жазушысы Ш.Айтматов. "Кешірім сұрап келсе, әкеңнің құны болса да кеш", — дейді халық мақалы. Осы сездердің астарында -қарапайымдылық, ұлылық жатыр емес пе?

Әкенің ұлынан, шешенің қызынан, әкімнің халқынан, үлкеннің кішіден, кішінің үлкеннен, жігітгің қыздан, кешірім сұраудың өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олардың ортақ бір жайы — кешірім сұрай білуі, яғни қарапайым, мәдениетті бола білуі. "Кешірім сұрау — бақыттың баспалдағы" — деген Мұхтар Шахановтың сөзі жоғарыдағы ойлардың жалғасы іспеттес.

Кешірім сүрағанға кешірім ете білу, кешірім беру — бұл да кісілік, қарапайымдылықтың белгісі. Кешірім етудің де өзіндік реті, жағдайы болады.
Кешірімді болсаң - кең боласың. Келісімге келу — кеңдік. Кең болсаң - кем болмайсың. Келісім көкжиекке көтереді. Кешірім беру - өзгеге күлкі сыйлау. Күннің көзінде де кешірімділік бар. Өнегелі адам кішіпейіл келеді. Кешірімділікті құдай да сыйлайды. Кешірім — көкжиегі бар кеңістік. Жауыңды кешіргенің жығылғаның емес, жыққанын.
20.10.2009 19:25 Қазақ тілі Puma 14998 3
Тоғжан Болаткалиевна   30.06.2011 22:57
Арине екеулерін жан доссындар бір-бірлерінді түсіне білулерін керек кандай жағдай болмасын шыдауларын керек. Макпалды дұрыс емес деседе болады себебі бұл жерде сенін кінән жок кой, ол да түсініспеушілікпен караса жөн болар еді. Кешірімді болындар ұыздар, ұлдар бұнын бәрі Аллахтың сынағы! Аллах сынакты тек озінін жаксы коретін құлдарына ғана береді ..........
Алия   16.04.2011 16:46
Макпал, кешир, казир менде акша болмай тур. Келеси жолы беремин дей салмадын ба v
Мурат Дума   06.12.2010 12:14
Дурыс мен келисем! мен 8-сынып оқимын бірде сабаққа барғанда достарыммен сөйлесіп тұрғанмын сол кезде Мақпал деен сыныптасым әрі жан досым келд да маған: Маған 500 тг тауып беріңдерші деді мен одан қарызға 40 тг алғам
мен оған былай дедім : Мақпал біз жұмыс істеп жатқан жоқпыз бәріміз оқушымыз дедім ол маған ренжіп қалды әлі сөйлеспейді \
Кімдікі дұрыс???
sad
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход