Menu
ОТАУ
Отау - ата-анасынан (үлкен шаңырақтан) жеке үй болып (өз алдына жеке киіз үй тігіп) бөлініп шыққан жас отбасы. Балаларын отау етіп шығару - халқымыздың қуанышты да, салтанатты дәстүрі.
Ерте заманнан бері әрбір ата-ана балаларына шаңырақ көтеріп (жаңа киіз үй тігіп), ішін жасап (үй ішін керекті заттармен жабдықтап), еншісіне мал, жер бөліп берген. Үлкендерін отау етіп жеке шығарып, соңғы кішісін шаңырақ иесі деп алып қалған.
Үлкен шаңырақта қалған ұл жасы кіші болса да "үлкен үй", "үлкен шаңырақ" деп аталған. Баласы көп адамдардың "отаулары" кейін ауыл құраған. Ол ауылдан аты әкелерінің атымен "Сәрсенбай ауылы", "Жанпейіс ауылы", "Байнияз ауылы" т.б. түрде аталатын болған.
Ауқатты адамдар қызына да отау тігіп, ішін жасап, еншіге мал бөліп жеке үй (отау) етіп шығарған.
Қазақта ен деген сөз бар. Бұл - төрт түлік малдың бәрінің де құлағына салынатын белгі. Балаларын отау етіп шығарған ата-ана берген малдарының құлағына өзінікінен басқа ен салып "Мынау сенің малдарыңның ені" деп көрсетіп, меншіктеп берген. "Енші", "енші беру", "енші алу" сөздерінің түпкі төркіні осы "ен" сөзінен шыққан. Халқымыздың "Еншің басқа, енің басқа" деуі осыдан.

20.10.2009 19:47 Қазақ тілі Puma 5971 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход