Menu
Қазақстандағы демографиялық құбылыстарының кейбір даму жағдайлары.
2000-ыншы жылғы 1-маусымда Қазақстан Республикалық Статистика агенттігінің №3 журналында жарияланған деректеріне қарағанда, еліміздегі жалпы халық саны 14.881,6 мың адам болды. Соның ішінде 8.311,5 мыңы, 55,9% – қала, 6.570,6 мыңы-44,1% –ы ауыл тұрғындары.

2000-ыншы жылдың қаңтар-мамырында халықтың табиғи өсімі-26,3мың(1999 жылдың қаңтар-мамырында-21,7 мың) адам. Алайда, аймақтарда халықтың ұдайы өсіп-өнуіне байланысты кему процесі әлі жалғасып отыр. Ақмола (18 ), қарағанды (706), Қостанай (585), павлодар (39), Солтүстік Қазақстан (832) және Шығыс Қазақстан (1236 адам) облыстарында өлгендер саны туғандар санынан артық.

Республика бойынша тұтас алғанда тууда, өлуде елеулі өзгерістер байқалады. 1999-шы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық аймақтарында туу деңгейі жоғары болды. Тудың ең аз деңгейі (1000 адамға – 10,7) –Қостанай облысында , ең жоғары деңгейі (1000 адамға-23,9) Оңтүстік Қазақстан облысында кездесті.

2000-жылдың бес айында республика өлімінің өсуі байқалған. Тіркелген өлімдер саны-1999 жылдың қаңтар-мамырында 64,6 мың адам болса, 2000 жылдың осы кезеңінде-67,5 мың адам қайтыс болыпты. Осы кезең ішінде өлімнің жалпы коэффициенті тұтас республика бойынша 1000 адамға 10,9 болды. (1999 жылдың қаңтар-мамырында-10,5). Бұл көрсеткіштің ең жоғары мәні (13 промилледен 13,8-ге дейін) Қарағанды, шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Өлімнің жалпы коэффициентін әрбір 1000 адамға шаққанда қалалық мекемелерде-12,2 селолық жерлерде-9,3 адам болған.

Халықтың өлімі негізінен қан айналымы жүйесінің ауруларынан өсіп, барлық тіркелген өлімнің жартысынан астамы осы аурудың еншісінде.

Қазіргі кезеңде халықтың, ел-жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды бәсеңдету немесе болдырмау тікелей экономикалық, әлеуметтік объектитік факторларға байланысты. Ең бастысы, өндіріс, шаруашылық орындарының жұмысын жандандыру, олардың тиімділігін арттыру және осындай жолдармен халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың материалдық – тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсарту, табиғи қоршаған ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау, мекемелерінің жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет.

Сондықтан басқа да күн тәртібінде өткір тұрған, кезек күттімейтін әлеуметтік-эконмикалық көкейтесті мәселелерді тез тиімді шешу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады.

08.05.2010 11:07 Социология Артем 1275 6374 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход