Menu
Экономикалық өмірдің көкейтесті әлеуметтік мәселелері.
Жоғарыда көрсетілгендей, экономикалық әлеуметтануда экономикалық құбылыстарды, процестерді зерттеуде басты назарды адам факторына аударды.

Қоғамның өндіргіш күштерінің басты элементі деп, өнімді еңбекке қабілетті, талап-тілегі, мүддесі және денсаулығы, тәжірибесі бар қоғамның белгілі бір жас мөлшеріндегі адамдардың тобын айтамыз. Тиімді табысты еңбекету үшін әрбір еңбек етуші субъектінің, яғни тұлғаның белгілі бір көзқарасы, білімі, мамандық дайындығы, тәжірибесі, тәрбиесі, жоғары санасы, психологиясының болуы аса маңызды. Осыған орай әрбір еңбеккердіңжұмысты ойдағыдай тиімді жүргізуі үшін оның жоғары әлеуметтік – адамгершілік қасиеттері де болуы қажет.Бұған жататын жоғары қасиеттер: терең мамандық, білімдар, маманданған тәжірибе, жұмысқа дағдылану, саналық, әділеттілік , сөз бен істің бірлігі, жауапкершілік, белсенділік, тәртіптілік, дербестік, т.б. Бұлардың әрқайсысы адамға, оның ішінде, әсіресе, еңбеккерге, жоғары мамандарға, кәсіпкерлерге,қызметкерлерге,т.б. тән қасиет.

Бұл қасиеттерді әрбір адам бойына сіңіріп, қалыптастыруы қажет. Бұл қасиеттер қоғамдық өндірісті дамытудың, өндірісті тиімді жүргізуін,сапалы тауарларды шығарудың негізгі факторлары болып саналады.

Экономикалық әлеуметтанудың маңызды мәселелерінің бірі – адамдардың еңбекке қатынасы және олардың еңбек сүйгіш деңгейін зерттеу.

Бұрынғы Кеңестік тоталитарлық жүйе кезінде адамның еңбегін бағалауда олқылықтар орын алды. Адамдардың еңбектерін бағалаудың нақты критерийлері болмады. Осының салдарынан миллиондаған адмдар еңбекке қалай болса, солай қарап, жұмыс істеу қабілетін жойды, еңбекке жауапкершілікпен қарау болмады. Бұл ойымыздың растығын 1997-1998-жылдары орта мектепті бітіруші оқушылардан сұрау арқылы алынған деректерден көруге болады. орта мектепті бітірушілердің 7%-ы ғана өндірістік, маманданған еңбекке құлық білдірген, 22%- еңбекті қажетті деп есептейді, ал, 37% – еңбекті жағымсыз процесс ретінде қарайды.

Еңбекшілердің арасында еңбекке қызығудың өлшемдері мынандай: 99%- жұмыс қызықты (адамды еңбектің ұдайы тартатындай болу) болуын, 88%- жалақының істеген еңбегіне қарай бөлінуін, 85%- еңбектің әлеуметтік қорғау кепілдігін, 82%- басшылардың еңбек адамына әріптестік қарым-қатынаста болуын қалайды.

Қазіргі қоғамда зиялы қауымның беделі күрт түсіп кетті.

Елде жоғары мамандырды дайындау деңгейі, қазіргі өндірістің талап-өндірістің талап-тілегіне сәйкес емес. Ал, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында ғылыми-техникалық жоспарға сәйкес жоғары кәсіби маманданған, білімді, компьютерді жақсы меңгерген, шет тілдерін білетін, жоғары адамгершілік қасиеттері бар кадрлар қажет.

Қазіргі өндірісте тауарды шығару немесе оның шығынын азайту, төмендету ғана емес,осылармен қатар тауарды тұтынушыға уақытында жеткізіп, тиімді сата білуде көкейтесті мәселелерге жатады. Бұл ретте әлеуметтік зерттеумен қатар маркетингтік зерттеу аса үлкен рөл атқарады.

Маркетингтік зерттеу сапалы тауарды өндірумен бірге оны тұтынушыға өткізуде алуан түрлі қызмет атқарады. Маркетингтік зерттеудің жобамен алғанда кестесі мынандай болуы мүмкін.

Бүгінгі күнде маркетинг –бұл бір бүтін ғылым, тіпті ғылымдардың жиынтығы деп атауға болады. сондықтан ол ерекше мамандық және болашағы зор. Маркетингтік зерттеулер нарықта өндірілген өнімді немесе қөрсетілетін қызмет түрін тиімді сатуға бағытталады. Ол үшін зерттеу барысынад тұтынушының талғам,сұранысы, көзқарастары, мінез құлықтары зерттеледі.

Яғни, әрбір маркентингтің басты қағидасын, басшылыққа алатын идеясын былай тұжырымдауға болады: өндірушінің басты мақсаты мен міндеті – ол тұтынушының талап-тілегін, мүддесін анықтап алғаннан кейін олардың қажетін қанағаттандыру. Тұтынушының талап-тілегіне сай қандай тауар шығару қажет, оған не керек? Осыны анықтап алғаннан кейін, тұтынушының ұсынысын өндіруші ескеріп отыруы керек. Мұнсыз ешқандай экономика,өндіріс алға басып дамымайды.

Жоғарыда айтылғандардан келесідей мәселелер шығады: өндірістегі әр түрлі қоғамдық топтардың құрылымын, олардың жіктерге бөлінуін, сапалық өзгешелігін талдап, анықтау қажет,өйткені олар экономикалық дамудың негізгі әлеуметтік жағын құрайды.

Өндірістіктегі барлық топтарлың мұң-мұқтажын, мүддесін, қабілетін, белсенділігін ескеріп отыру – бүгін күннің басты талабы.

Қысқаша айтқанда, өндірістегі басты тұлға-еңбек адамы екендігінестен шығармауымыз керек. Еңбек адамына жұмыс күші ретінде ғана қарама, оның көңіл күйімен, мүддесімен санасу керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегінбағалау – басты мәселе. Өндірісте, фирмалар мен корпорацияларда еңбек адамын өндірісті ұйымдастыру, тіпті басқару істеріне де араластырып отыру - әлемдіктәжірибе көрсеткендей, жоғары нәтижегеқол жеткізеді. Бұл -әлеуметтік еңбек қатынастарының “әлеуметтік әріптестік” деген түріне жатады.

08.05.2010 11:22 Социология Артем 1837 8476 1
Айдана   13.02.2011 19:52
Маб тың қызыл куәлікке әсері қандай?
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход