Menu
Әлеуметтік шиеліністердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі.
Әлеуметтік шиеленістердің мәнін ашып көрсету үшін олардың басты себептерін білу керек. Әрине, қоғамда орын алатын шиеленістердің өзіндік ерекшеліктері бар, олардың әрқайсысы басқа шиеленістерге ұқсамауы мүмкін. Алайда шиеленістерге тән жалпылама себептер барлық қоғамдарда орын алады. Бұл мәселеге байланысты ғылыми әдебиеттерде бірқатар тұжырымдамалар да бар. Мәселен, маркстік тұжырымдама бойынша қоғамдағы таптар арасындағы әлеуметтік, таптық күрестің себебін еңбек пен капиталдың арасындағы қайшылықтан іздеу керек. Яғни, еңбектің қоғамдық сипаты мен оның нәтижесін иемденудегі жеке меншіктік сипаты арасындағы бітіспейтін қайшылық әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Маркстік теория түолі сипаттағы қоғамдық қайшылықтарды экономикалық себептермен түсіндіреді.

Неміс әлеуметтанушысы Р. Дарендорфтың ойынша, әлеуметтік шиеленістердің басты себебі – саяси факторлар. Дәлірек айтқанда, шиеленістер саяси билік мәселесіне байланысты туындайды. Бұл автор қоғам өмірінде әлеуметтік шиеленістердің болуы заңды құбылыс екендігін айта келіп, адамдар арасындағы теңсіздік билікке байланысты деген қорытындаға келді. Билік барлық қоғамның мүшелеріне беріле бермейді. Қоғамда бір топ адамдар басқаларды басқаруға, бұйрық беруге, тәуелді етуге бағытталған билікке ие. Ал, көпшілік оларға бағынышты жағдайда. Мұндай әлеуметтік теңсіздік жеке адамдардың, әлеуметтік топтар мен таптардың меншікке, материалдық игілктерге ие болуға, бөлінуге байланысты теңсіздігін тудырады. Міне, сол себепті Р.Дарендорф өз теориясында меншік, материалдарды игіліктерді бөлу мәселесіне басты назар аударады.

Қоғамдық еңбек бөлінісінде, меншік қатынастарында, билік жүйесінде, материалдық игіліктерді әрдайым орын алады. Барлық адамдарды теңестіретін қоғам орнату мүмкін емес.

Ресей әлеуметтанушысы А.Т. Здравомысловтың пікірінше,қоғамда белгілі бір топтың азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбек етуге, әлеуметтік бостандықтары мен құқықтарға деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды. әрине, әр адам лайықты өмір сүруге ұмтылады. Бұл аталған қажеттіліктермүддеге айналады, мүддесі ортақ адамдар топталып, билікке, байлыққа қол жеткізу үшін басқалармен бәсекеге түседі. Ал, бәсекелесу қақтығысуға ұласады деп түсіндіреді.

Көрнекті әлеуметтанушы П.А: Сорокин кез келген әлеуметтік төңкерістің басты себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүруге керек басты қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екндігін атап көрсеткен.

Әлеуметтік шиеленістер сол сияқты қоғам адамдардың түрлі мәселелерге байланысты пікірлерінің, көзқарастарының немесе ұстаған құңдылық бағыттарының кереғарлығынан туындайды. Мәселен, меншік түрлеріне байланысты біздің қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер меншіктің қоғамдық сипатта болуын қаласа, енді біреулер жеке меншікті, басқалар кооперативтік меншікті жақтайды.

Шиеленісті жағдай еңбекке, жанұяға, ьөнерге, спортқа, әлеуметтік институттарға байланысты адам ой-пікірлерінің, құндылықтарның қарама-қарсы болуынан келіп шығады. Құндылықтардың бағытына байланысты туатын даулы, шиеленісті жағдайлар экономика, саяси, әлеуметтік-психологиялық және рухани салаларда орын алады.

Адамдар арасында алаусыздық тудырып, әлемдік масштабтағы қақтығысқа көбінесе идеологының қарама-қарсы себеп болады. Мәселен, коммунизм мен антикомунизм, фашизм мен антифашизм арасындағы күрес әлемдікшеңберде орын алған идеологиялық күрес. Идеологиялық алшақтық мемлекеттер арасында жік туғызып, халықтарды бір-бірімен қақтығысуға итермелейді.

Кей жағдайда адамдар арасындағы, тіпті, мемлекеттер арасындағы даулы, шиеленісті жағдайда діни нанымдардың айырмашылығынан деп білетін қате топшылаулар, қаңқу сөздер айтылып жүр. Ешбір дін қантөгісті, соғысты уағыздамайды. Көбінесе ой-өрісті тар саясаткерлер, белгілі бір топтар өздерінің жеке мақсаттары, пайдалары үшін елдің мұң-мұқтажын желеу етеді. Арандату әрекетін іске асырады. Міне, осы жағдайды естен шығармау керек.

Кең көлемді әлеуметтік толқулардың себептерін түсіндіруде депривация тұжырымын қолдануға болады. Депривация (lat depriuatiuo – жоғалту, айырылып қалу) процесі – индивидтер мен әлеуметтік топтардың болашаққа артқан сенімдерінің, үміттерінң орындалмау жағдайын айтады. Халықтың билік орындарына қойған талап-тілектерін қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы. Мәселен, Кеңес Одағына 1985-жылдан басталған «Қайта құру» шаралары халықтың үмітін ақтамады. Сол кезде өмір сүріп тұрған саяси жүйе халықтың түрлі топтарының талап-тілектерінқанағаттандыруға мүдделі болмады. Соның нәтижесінде Кеңес Одағының ұлан-байтақ территориясында саяси, әлеуметтік, ұлтаралық, экономикалық сипаттағы дағдарыстар орын алды. Соның нәтижесінде қысқа метзімде Кеңес Одағы ыдырады.

Біз, сонымен, әлеуметтік шиеленістердің жалпы объективтік себептерін қарастардық. Қоғам өмірінде кездесетін шиеленісті, даулы жағдайлар тек объективті себептерге ғана байланысты емес. Кей жағдайда адамдар арсындағы дау-жанжалдар сол адамадарға байланысты субъективтік себептерден де болады. Яғни адамдардың мінез-құлық ерекшелітері, көңіл – күйлері, талғамдары, т.с.с байланысты. Батыс әлеуметтанушыылары шиеленістердің көпшілігі адамдар санасына байланысты туындайды. Деген пікірде. Жеке адамдардың, топтардың, топтардың арасындағы қақтығусылар ақпараттың жетіспеуі мен сапасыздығынан, қарым-қатынас жасаудағы қиындақтардан да болады.

Адамзат қоғамында шиеленістердің сан алуан түрлері кездеседі. Сол себепті бұл құбылысты түрліше жіктеу бар. Мәселен, Р. ДАрендорф шиеленістерді жіктеуде әлеуметтік қауымдастықтың көлемі мен субъектілердің әлеуметтік рөлдерін негіз етіп алады. Бұл критерийлер бойынша автор шиеліністерді жанұядағы ұрыс-таластан бастап әлемдік көлемдегі саяси шиеленістерге дейінгі 15-ке жуық түрлерін атап көрсетеді.

Ю. Запрудский деген автор төмендегідей жіктеуді ұсынады:

1.шиеленістердің себептеріне қарай:

а)объективті себептерден пайда болатын шиеленіс

б) субъективті себептерден пайда болатын шиеленіс

2. Қайшылықтардың сипатына қарай:

а)Антогонистік

б) Антогонистік емес

3.Уақытына қарай:

а)Ұзақ мерзімге созылатын шиеленістер

б) Қысқа мерзімді шиеленістер

4.Қоғамдағы ықпалына қарай.

а) нәтижелі шиеленістер

б) нәтижесіз шиеленістер

Автордың шиеленістерді осылайша топтастыруы жан-жақты болғанымен, оның бұл жіктеуі күрделі және икемсіз екенін айтқанымыз жөн.

Бірқатар әдебиеттерде бұл қоғамдық құбылысты субъектілеріне қарай жіктеу ұсынылады:

Жеке адамның өзімен өзінің келіспеуі. Яғни, бұл адамның психологиялық көңіл күйі. Мұндай адамның белгілі бір рөлді атқарудағы қинылуынан, сол сияқты басқа біреуге шамадан тыс тәуелді болуынан келіп шығады. Адамның мұндай көңіл-күйде болуы басқаларға да әсерін туғызады. өйткені кейде жекелеген адамдар өз бастарындағы қиындықтың себебін басқалардан себебін басқалардан деп түсінуі кездеседі.

Жеке тұлғалар арасындағы шиеленістер екі немесе одан да көп адамдар арасында болады. Мұндай шиеленістер өмірде жиі кездеседі.

Топаралық шиеленістер – мүдделері қарама-қарсы әлеуметтік топтар арасында орын алады.

Сыртқы ортамен шиеленіс белгілі бір топты құрайтын индивидтерге сырттан қысым жасалатын кезде пайда болады.

Яғни, жоғары жақтан берілетін бұйрықтар, қабылданған ережелр әлгі топтың мүдделірене қарама-қайшы болатын жағдайдағы шиеленіс. Мұндай жағдайда топ адамдары әлгі бұйрықтар мен ережелерді қолдайтын институттармен шиеленіске түседі.

Ресей шиеленістанушысы А.Г. Здравомыслов әлеуметтік шиеленістерді орын алу салаларына қарай жіктеуді ұсынады. Біздің ойымызша,осылайша жіктеу икемді де ыңғайлы, әрі түсінікті болады. Автор әлеуметтік шиеленістерді экономикалық, саяси, ұлтаралық және шиеленістер деп жіктейді.

1. Саяси шиеленістер демократикалық қоғамдағы қалыпты құбылыс. Шиеленістің бұл түрі билік, ықпал, белдел сияқты мәселелерге байланысты туады. Саяси шиеленістер ашық немесе жасырын сипатта болуы мүмкін. Кей жағдайда шиеленістер өрбіп, көтеріліс, жаппай қозғалыс немесе азамат соғысы сияқты кең көлемді қоғамдық оқиғаларға ұласуы да мүмкін.

2. Ұлтаралық шиеленістер көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық, этникалық топтардың өз құқықтары мен бостандықтарына қол жеткізуге бағытталған күрес негізінде болады. Көпшілік жағдайда ұлттардың мәртебесіне, сол сияқты территория мәселесіне байланысты да болады. Ұлтаралық шиеленістердің саяси сипатта болуы әбден мүмкін. Мәселен, 1986-шы жылғы Алматыда болған «Желтоқсан оқиғасы» қазақ ұлтының тәуелсіздігі , құқықығыүшін ғана емес, сол кезднгі саяси жүйеге қарсы бағытталған қозғалыс еді.

3. Экономикалық шиеленістер жекеленген индивидтер мен әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайларына, атап айтқанда, еңбекақы тұрмысқа қажетзаттардың бағасы, қоғамдағы байлық пен ресурстарды бөлу мәселелерінен келіп шығады. Шиеленістің бұл түріне біз кейінірек арнайы тоқталамыз.

Шиеленістерді басқа да жіктеудің жолдары бар. Мәселен, мерзіміне қарай: қысқа мерзімді және ұзаққа созылатын шиеленістер деп жіктеу; және ресурстарына қарай материалдық, рухани және әлеуметтік деп жіктеу бар.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік шиеленістерді жіктеудің жолдары сан алуан. Шиеленістерді жіктеуде ең бастысы-оның дұрыс шешімін табуды басты мақсат ету қажет.

Енді, әлеуметтік шиеленістерлдің функцияларына келсек, ғылыми әдебиеттерде бұл құбылысқа екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау бар. Біріншеісі – шиеленісті қоғам үшін пайдалы, жағымды құбылыс деп бағалау; ал, екіншісі – шиеленісті кері, жағымсыз құбылыс ретінде бағалау. Бірінші аталған парадигма шиеленістің қоғам дамуындағы заңды құбылыс екендгін мойындаудан келіп шықса, екіншісі – оны қоғам өміріндегі аномалия ретінде қабылдаудан туындайды.

ХХ ғасырдың 50-ші жылдан бастап Батыс Еуропа мен АҚШ-тың ғалымдары әлеуметтік шиеленістердің атқаратын қызметін жағымды, қоғам үшін пайдалыдеп атап көрсетті. Мәселен, Л. Козер (АҚШ) шиеленістер әлеуметтік жүйені тоқыраудан сақтайды деген. Бұл құбылыс қоғамның тазаруына, ілгерілеп дамуына ықпал етеді, соның нәтижесінде қоғамның өміршеңдігі қамтамасыз метіледі дейді. Шын мәнісінде, әлеуметтік шиеленістер жағымды қызмет атқарады.

Олар мыналар:

Ақпараттақ-танымдық қызметі. Яғни әлеуметтік шиеленістер қоғам өміріндегі шешілуі қажет түйсінді мәселелер туралы, қалыптасқан қайшылықтар. Туралы ақпарат беред. Сонымен қатар шеиленістіжағдайдаәр жақтың адамдары өздерініңжәне қарсы жақтың мүдделеріне айқын сезінуге мүмкінділік алады. өзара пікір –талас, қызу айтыс кезінде айқындыққа қол жеткізу мүмкіндігі туады.

әлеуметтік шиеленістердің келесі біржағымды қызметіинтегративтік деп аталады. Бұл қызметтің мәні – шиеленістің пайда болуы, дамуы және оның дұрыс шешімін табуы барысында адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының тығыз топтала түсумен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде қоғамдық қатынастар үйлесімге келіп, қоғамда белгілі бір деңгейде тепе-теңдіктің орнауы қамтамасыз етіледі.

Бұл жерде мынандай мәселені де естен шығармау кере. Қоғамда түрлі деңгейдеболып тұратын шиеленістер адамдарды топ шеңберінде топтастырып, біріктірумен қатар қоғамдық қатынастардың бұзылуына, әлеуметтік құрылымдардың жіктелуіне де әкеледі. Дәлірек айтсақ,шиеленістердің интегративтік қызметімен қатар, қоғамда жік туғызу, әлеуметтік жүйеде түрлі топтардың пайда болуына ықпал ететін де жағы бар екендігін естен шығармауымыз керек.

шиеленістердің динамикалық (серпінділіг) деп аталатын жағымды қызметі бар. Яғни, шиеленісті, даулы мәселелерді шешу нәтижесінде әлеуметтік жүйенің,жалпы қоғамның сапалы,мәнді өзгерістерге қарай дамуына жол ашылады. Шиеленістер неғұрлымкөлемді, тереңірек болса, олардың әлеуметтік процестерге тигізетін ықпалы да соғұрлым күштірек болады.

Әлеуметтік шиеленістердің жағымды жақтарымен қатар олардың кері, жағымсыз да салдары бар екендігін баса айтқанымыз жөн. Күнделікті өмірде кездесетін дау-жанжалдар, қақтығыстар арасында өшпенділік туғызады, тіпті қантөгіске деұшыратуы әбден мімкін. Сонымен қатар қоғамның тұтастығына, бірлігіне де шек келтіреді. Ұзаққа созылған,ауқымды шиеленістер кең көлемді материалдық шығындарға ұшыратады.

Қорыта айтқанда,шиеленістердің қоғамға тигізетін жағымды ықпалымен қатар кері де жақтары болады екен. Олардың салдарын бір жақты бағалауғаболмайды. Сол себептен кез келген шиеленістің салдарына үңілгенде,жағымды, позитивтік жағы басымнемесежағымсыз,негативтік жағы басымдеп бағалау орынды.

08.05.2010 11:42 Социология Артем 5687 27151 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход