“Этника” деген ұғым “этнос” деген ұғымнан, терминнен шыққан. “Этнос” грек сөзінен алынған, оның мағынасы ру, тайпа, халық дегендерді білдіреді. Этнос адамдарды тарихи – этникалық тұрақты бірлігі. Бұл термин “халық” деген ұғымға өте жақын. Бұл жерде “метаэтнос”, “субэтнос” деген терминдер шығады. Метаэтнос (немесе үлкен этникалық бірлік) – бұл халықтардың ең үлкен топ бірлігі. Мұнда мәдени және өзіндік сананың ортақ белгілері болады. Мысалы, славян немесе түрік халықтары- ортақ жақтары көп. Субэтнос немесе субэтникалық топ – бұл халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі.
Этника немесе этникалық қауымдастық – белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы.
Бұл табиғи – тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі, Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну т.б. белгілері болады.
Адам қоғамдық әлеіметтік организм ретінде өзінің ілеуметтік – этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту процессі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, ұғынуы -әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал, бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап, тілегіне, т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді.
Бұл қауымдастықтардың өдеріне тән шығу және даму белгілері мен ерекшеліктері болады. Бұл еі алдымен, олардың бір белгілі территориясынан- қауымдастықтың қалыптасуының бесігінен-мәдениетінен, басқа топтардың айырмашылығын түсінуден, т.б. көрінеді. Бұл объективтік өқажеттілік адамның өмір сүруіне тікелей әсер етеді.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың біршама дербес дами отырып, қоғамда алуан түрлі қызмет атқарады. Ол, еі алдымен, адамдардың бір-бірімен қатынасуын, материаолдық игілікті бірігіп өндіруін қамтамас етеді, соның нәтижесінде өзінің дамуын жүзеге асырады. Халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныс, сұраныстарын, т.б. қанағаттандырып отырады. Гентикалық шығу жағынан бір-юірімен өкешелес бола отырып, ру, тайпа, халық, ұлт әлеуметтік-этникалық жағынан ілгерілеп даму процессінің тізбегін жасайды.
Сонымен, этногенез әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпа немесе халықтың шығу тегі болады. Этногнез халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде оның кейбір топтар бөлініп те жатады. Мысалы, Қазақстан территориясында көптеген түркі тілдес тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу процессінің нәтижесінде қазақ халқы қалыптасты. Этногенес процесінің негізгі екі түрі болады: бірі- жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биологиялық жолмен жаппай айналасуы арқылы қалыптасуы; екіншісі- жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Бір сөзбен айтқанда, этногенез уақытпен кеңістік бойынша дараланатын тарихи процесс.
Қазіргі адамзат түрі- белгілі бір биологиялық түр. Ол белгілі әлеуметтік заңдылықтар арқылы дами келе, адамдардың әр түрлі тарихи қауымдастығына бөлінеді: олардың ішінде мемлекет, тап, отбасы, т.б. бар. Бұлардың ішінде этностар ерекше орын алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, жер бетінде 3 мыңнан астам этникалық қауымдастықтар әлемнің 220 мемлекетінде орналасқан. Этностар мәңгілік өмір сүре бермейді, олар туады, дамиды, өледі. Мұндай процесті этносоциология теорисында этногенез деп атайды. Этногенездің негізін бұрынғы Кеңес ғалымы Лев Николаевич Гумилев қалады. Астанадағы Еуроазия университеті осы кісінің атымен аталады. Бұл ғалым теория жүзінде геобиохимия және системология ғылымдарын тарихи географи мен біріктіріп өсты. Сөйтіп ол “этнос” деген ұғымды биология және әлеуметтік қауымдастық ретінде анықтап, биосфераның бір бөлігі, оның туындысы ретінде көрсетті, екінші жағынан, этногенез әлеуметтік эволюцияның жемісі, нәтижесі ретінде дәлелденді.
Этникалық қауымдастықты білдіретін ұғым “ұлт” терминіне қолданылады. Адамдардың белгілі бір топқа бірігуінің табиғи тірегі ретінде территория орталығы мен олардың тіл орталығы немесе олардың өзара жақындығы этникалық қауымдастықтың қалыптасуының негізгі шарты, факторлары болып табылады. Кей реттерде былай да бола береді. Мысалы, Америка құрлығының бір қатар ұлттарының бір тұтас болып қалыптасуына этникалық қауымдастықтың әр тілде сөйлейтін бөліктері арасындағы “тіл орталығына” шаруашылық, мәдени, т.б. байланыстардың дамуы барысында қол жетті, яғни мұның өзі этногенес процесінің нәтижесіндеболды.
Жоғарыда көрсетілгендей, бұл этникалық процестің барысында әр түрлі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерімен табииғи ортаның ерекшелігіне қарай материалдық және рухани мәдениеттің, тұрмыстық, таптық, психологиялық сипаттамаларының этникалық қауымдастыққа тән қасиеттері қалыптасады. Бұған сәйкес этникалық сана-сезім пайда болады, мұндабелгілі біір этникалық қауымдастыққа енетін адамдардың тегімен тарихи тағдырларының ортақтығы туралы ұғымдар басым рөл атқарады. Ортақ территория және тіл сияқты бұл элементтер этникалық қауымдастықтың белгілері бола алады. Мысалы, кейде діни артықшылық пен нәсілдік, жақындық этникалық қауымдастықтың қалыптасуына ықпал етіп жатады.
Этникалық қауымдастық белгілі бір тілді, мәдениетті, дәстүр-салттарды, этникалық бағдарладры т.б. жаңа ұрпаққа сіңіру арқылы үздіксіз өрге басып, ұлғая беруге ұмтылады. Неғұрлым тұрақты өмір сүру үшін этникалық қауымдастық өз алдына әлеуметтік-территориялық ұйым құруға (мысалы, топтық қоғамда мемлекет болуға) тырысады.
Тайпа, халық, ұлт этникалық қауымдастықтың тарихи типтері болып есептеледі. Сондай-ақ, белгілі бір жерде (яғни территория-аумақта) тұратын әлеуметтік ұйымы бар тұтас этникалық қауымдастықтар және территориялық жағынан бөлек-бөлек (әр жерде тұратын) этникалық қауымдастықтар болады. “Этникалық қауымдастық” термині кейде бірнеше халықты, яғни этно-лингивистикалық топтарды атау үшін қолданылады. (Мәселен, қазақ, қырғыз, түркмен, өзбек, т.б. түркі тілдес халықтар моңғол типтес этникалық топқа енеді. Сондай-ақ, бір халықтың ішіндегі этнографиялық топтарды белгілеу үшін де “этникалық қауымдастық” термині қолданылады. Мысалы, қазақта әр түрлі жүздер (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) және алуан түрлі рулар (арғын, қыпшақ, үйсін, дулат, қоғңырат, шапырашты, т.б.) бар. Бұлар көрсетілген жағдайда “этнос” деп аталады.
Сонымен, жалпы этникалық қауымдастық адамдардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол ру, тайпа, халық, ұлт түрлерінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады.
Адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық қауымдастығының ең жоғарғы түрі- ұлт. Ұлт адамдардың материалдық тұрмыс жағдайларының, терииториясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиясындағы кейбір этникалық ерекшеліктірінің ортақ болуы негізінде қалыптасты.
Қауымдастықтың түрлері. Жоғарыда көрсетілгендей, адам қауымының ұлтқа дейінгі тарихи түрлері- ру, тайпа, халықболады. Алғашқы қауымдық құрылысқа ру мен тайпа тән болса, құлдық қоғам мен феодализм заманындағы негізгі қауым халық болды. Халықтың ұлтқа айналу процесі феодализмнің күйреп, капитализмнің даму кезеңімен тығыз байланысты. Бұл ұлттардың негізгі факторлары болады. Бұл кездейсоқ құбылыс емес. Өз алдына заң шығаратын үкіметі, әскери және салық жүйесі бар, тіпті ақша белгісі де бөлек толып жатқан князьдектер мен хандықтарға, “жерлерге” бөлініп, бытырап жатқан феодалдық мемлекетке адамдардың бір тұтас берік қауымға айналуы мүмкін емес еді. Теки капиталистік экономиканың жан-жақты тереі дамуы, сауданың мейілінше күшейіп, елдің барлық түпкірлерін түгел қамтуы нәтижесінде ғана жалпы ұлттың экономикалық және саяси орталықтың қалыптасуына, ұлттық мемлекеттердің құрылуына жол ашылда. Тек осы факторлардың арқасында ғана үздіксіз жауласудан басқа қатынастары болмаған бытыранқы “елдердің” бастары қосылып бірігуіне, олардың ұлт дәрежесіне көтерілуіне жағдай туды. Ұлттардың этника құрамдары бірдей емес. Олардың біреулері бірнеше тайпалар мен халықтардан және нәсілдерден құралады. Екіншілері бұрын көптеген тайпалардың “қысылып” бірігуі нәтижесінде пайда болған бір ғана халықтың негізінде қалыптасты. Мысалы, қазіргі американ ұлты Еуропадан қоныс аударған әр түрлә ұлттар мен ұлыстардан құрылды, оларға аздап та болса негрлердің қаны қосылған, араласқан. Француз ұлты галлдардың, германдықтардың, нормандықтардың, т.б. қосылуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақ ұлты көп ғасырлар бойы әлденеше түркі тілдес және моңғолдармен араласқан тайпалардың өзара тұтасуы негізінде қалыптасқан халық.
Ұлттың халықтан үлкен сапалық айырмашылықтары бар. Ең алдымен, ол – капиталистік қоғам туындысы. Оның қалыптасу процесі буржуазияның басшылығымен өтті. Бұл процестің барысында буржуазия табының ұсақ топтарының бастары қосылып, бір тұтас ұлттық буржуазияға айналды. Дәл осы тәрізді жұмысшылардың толып жатқан бытыраңқы топтары ұлттық тапқа бірікті. Сөйтіп бір жағынан, халықтың өз алдына жеке, дербес өмір сүріп келгендері - бірде экономикалық орталық құрылуының нәтижесінде ұлттық мемлекеті бәріне ортақ бір тұтас бір қауым болып қалыптасты.
Екінші жағынан, әр ұлттың өз ішіндегі негізгі таптардың, яғни буржуазия мен пролетариаттың ара жіктері ашылып, антогонистік қайшылықтар шиеленісе түсті. Бұл екі ұғымды бір-бірімен шатастыруға болмайды. Тап қайшылығының азаюуы немесе тап жіктерінің ашылуы, ұлт тұтастығына қатер төндірмейді.
Халық тіліне қарағанда ұлт тілі барлық жағынан жетілен, тұрақталған тілболып есептеледі. Себебі, ол ұлт адамдарының өзара қарым-қатынас құралы ретінде дами келе, толығынан әдеби тілге айналады. Тайпалық диалектілері (өзгешеліктері- А.И.) мен ұлт құрамына кірген халықтар тілдерінің оғаш қылықтарына (қалдықтарынан, кемістіктерінен – А.И.) бірте-бірте арылып, бірыңғай берік грамматикалық құрлысы бар, шын мәнінде тұтас ұлттық тіл дәрежесіне көтеріледі. Ұлт тілі қалыптасып дамыған сайын ұлт тұтастығы да нығая түседі.
Көпшілікке мәлім ұлттық санадағы халық мәдениеті мен оның әлеуметтік психорлогиясындағы тайпалық , көнеден ауысып,сақталып келген кейбір жергілікті түрлері (мысалы,ән-күй ырғағындағы, үй тұрмысындағы, әдет-ғұрып пенмінез-құлықтаағы бірлі-жарым ерекшеліктер) не тозығы жетіп жоғалтып кетеді, не жаңа жағдайда ескі атаулары ұмытылып, тар шеңберді бұзып шығады,кең қріс алып, жалпы ұлттың мәдениеті және сипаты түрінде дамиды.
Ұлттық сипат - әу баста әр ұлтқа “тағдырдың силаған”, өзгермейтін халықтық рух емес. Ол халықтың ұзақ уақыт бойы қоғамдық – экономикалық, географиялық және мәдени ортасы мен тарихи дамуы жолы ерекшеліктерінің адам санасында, психологиясында қалдырған әсер ізі. Бұл ерекшеліктердің әсер ізі тек бір халықтай ғана емес, барлық халықтарда да кездеседі, бұлардың кейбіреулері белгілі тарихи жағдайларда ерекше бір мәнерлі түрде, басқаларда қайьаланбайтын әрі нәзік, әрі айқын жақтарымен көзге түседі. Сондықтан да олар осы ұлтқа тән қасиеттер деп танылады. Бұл психологиялық ерекшеліктер ұлттың негізгі өмір сұру қабілетіне, тарихи тағдырына, оның шаруашылық жайы мен мәдениетіне, саяси-әлеуметтік құрлысына, басқа ұлттар мен қарым-қатынас сипатына ешқандай әсер ете алмайды. Керісінше, ұлттың экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайы өзгерген кезде оның бұл ерекшеліктері баяу өзгереді. Қоғамдық болмыс жағдайлары жақын, не ортақ ұлттардың ұлттық сипаттары да өзара жақындасып, қабыса түседі. Ұлттық сипаттың ерекшелігін ескерген кезде бір ұлт еңбек сүйгіш, ой қабілеті жоғары, іскер, екінші ұлтты жалқау, ой-қабілеті төмен, іске олақ, т.б. деп қортынды жасау дұрыс емес. Бұл реакцияшыл нәсілшілердің өздерінің таптың пайдасы үшін ғана ойлап шығарған, шындыққа мүлдем жанаспайтын зұлымдық, сұрқиялық әрекеттеріне жатады.