Menu
Есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік сан есімдер.
Жинақтық сан есім жасайтын жұрнақтарды табыныз.
A) – ға, -ге.
B) – ып, -іп.
C) – ның, -нің.
D) – ау, -еу.
E) – мен, -пен.
Дұрыс жауап: D

Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңыз.
A) Сан есім.
B) Зат есім.
C) Сын есім.
D) Етістік.
E) Үстеу.
Дұрыс жауап: А

Көп нүктенің орына керекті сан есімді жазыңыз.
... қырлы ..... сырлы.
А) Екі, бес.
B) Төрт, үш.
C) Тоғыз, алты.
D) Сегіз, бір.
E) Он, жеті.
Дұрыс жауап: D

Жұрнақ дұрыс жалғанған жинақтық сан есімді табыңыз.
A) Оннау.
B) Бесеу.
C) Тоғызау.
D) Сегізау.
E) Он бесеу.
Дұрыс жауап: В

Реттік сан есімді белгілеңіз.
A) Жүз.
B) Тоғызыншы.
C) Бесеу.
D) Отыздаған.
E) Үштен бір.
Дұрыс жауап: В

Топтау сан есімді белгілеңіз.
A) Бес жарым.
B) Жүзден.
C) Үш.
D) Екінші.
E) Елулеп.
Дұрыс жауап: В

Реттік сан есімді белгілеңіз.
A) Он бүтін жүз елу бір.
B) Тоқсандай.
C) Жүз жиырма.
D) Екі-екіден
E) Жүз отыз бесінші.
Дұрыс жауап: Е

«Жетеу» -сан есім қай түріне жататынын анықтаңыз.
A) Реттік.
B) Топтау.
C) Есептік.
D) Бөлшектік.
E) Жинақтық.
Дұрыс жауап: Е

Бөлшектік сан есімді белгілеңіз.
A) Екі бүтін оннан бес.
B) Үшеу-үшеуден.
C) Жүз шамалы.
D) Жүздеген.
E) Тоғыз жүз бір.
Дұрыс жауап: А

Топтау сан есімді табыңыз.
A) Екі мың.
B) Он-оннан.
C) Тоқсан бес.
D) Бір мың тоғыз жуз.
E) Екі бүтін оннан бес.
Дұрыс жауап: В

Есептік сан есімді табыныз.
A) 8-сынып.
B) Алтау.
C) Қырық.
D) Он шақты.
E) Екеуден.
Дұрыс жауап: С

Есептік сан есімді табыныз.
А) Бес.
B) Алтау.
C) Сегізінші.
D) Он тоғызыншы.
E) Жетеу.
Дұрыс жауап: А

Реттік сан есімнің жұрнағын табыңыз.
А) –ау, -еу.
В) –тан, -тен.
С) –ыншы, -інші.
D) –шы, -ші.
Е) –лау, -леу.
Дұрыс жауап: С

Күрделі сан есімді тіркесті табыңыз.
А) Үш қала.
В) Тоғыз қозы.
С) Үш жүз қорық.
D) Бес көлік.
Е) Үш шақ.
Дұрыс жауап: С

Дара сан есімі бар сөйлемді табыңыз.
А) Есіл өзенінің ұзындығы екі мың төрт жүз елу шақырым.
В) Балқашта балықтың он екі түрі бар.
С) Барсакелмес қорығы 1939 жылы ашылған.
D) Бурабайдың жағасында он бес демалатын орын бар.
Е) Біздің қаламызда төрт ескерткіш бар.
Дұрыс жауап: Е

«Бүтін, жарым» сөздері сан есімнің қай түрінде болатынын анықтаңыз.
А) Есептік сан есім.
В) Реттік сан есім.
С) Жинақтық сан есім.
D) Бөлшектік сан есім.
Е) Болжалдық сан есім.
Дұрыс жауап: D

Жинақтық сан есімдер санын анықтаңыз.
А) Он бес.
В) Жеті.
С) Он бір.
D) Алты.
Е) Бес.
Дұрыс жауап: В

Бөлшектік сан есімді табыңыз.
А) Он екі.
В) Екі.
С) Төрттен бір.
D) Төртінші.
Е) Біреу.
Дұрыс жауап: С

Бөлшектік сан есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Алтыншы сынып.
В) Он екі ай.
С) Жиырма төрт сағат.
D) Екі бүтін оннан бес пайыз.
Е) Досым жетеу.
Дұрыс жауап: D

Жинақтық сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Жері байдың- елі бай.
В) Сулы жер құрақсыз болмас.
С) Қоян көлеңкесінен қорқады.
D) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Е) Құс жеткен жеріне қонады.
Дұрыс жауап: D

Күрделі сан есімі бар сөйлемді табыңыз.
А) Қазақстанда тоғыз мемлекеттік қорық бар.
В) Қазақстанда жеті ұлттық табиғи саябақ бар.
С) Қазақстанда екі табиғи резерват бар.
D) Қазақстанда елу жеті мемлекеттік қорық бар.
Е) Қазақстанда төрт республикалық мәні бар қорық бар.
Дұрыс жауап: D

Реттік сан есімі бар сөйлемді табыңыз.
А) Қазақстаннан 50 жеке полк батальоны соғысқа қатысты.
В) Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталды.
С) Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы соғысқа қатысты.
D) Қазақстаннан 4 атты әскер дивизиясы қатысты.
Е) Қазақстаннан 7 атқыштар дивизиясы соғысқа қатысты.
Дұрыс жауап: В

Сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Әке - балаға сыншы.
В) Жігітке жеті өнер де аз.
С) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
D) Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.
Е) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Дұрыс жауап: В

Сан есімді табыңыз.
А) Барлық.
В) Ешқашан.
С) Қазына.
D) Қырық.
Е) Қолайлы.
Дұрыс жауап: D

Сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Туған жерге туың тік.
В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
С) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
D) Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.
Е) Татулық табылмас бақыт.
Дұрыс жауап: В

Сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Досыңа достық - қарыз іс.
В) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
С) Ынтымақ түбі - береке.
D) Отанды сүю отбасынан басталады.
Е) Туған жерге туың тік.
Дұрыс жауап: В

Мақал-мәтелдегі сан есімнің түрін анықтаңыз.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
А) Есептік сан есім.
В) Реттік сан есім.
С) Жинақтық сан есім.
D) Бөлшектік сан есім.
Е) Болжалдық сан есім.
Дұрыс жауап: С

Жұмбақтың шешуін табыңыз.
Қырық екі аты бар, танысаңдар - айтыңдар.
А) Карта.
В) Әліпби.
С) Дыбыс.
D) Мектеп.
Е) Кітап.
Дұрыс жауап: В

«9, 5, 3, 7» сан есімдерінің дұрыс жазылуын көрсетіңіз.
А) Тоғыз, бесінші, уш, жетті.
В) Тогыз, бес, үшінші, жети.
С) Тоғыз, бес, үш, жеті.
D) Тогыс, бес, іш, жеті.
Е) Тогыз, бес, ұш, жеті.
Дұрыс жауап: С

Сөйлемдегі сан есімді табыңыз.
Қазақ тілі үйірмесіне сағат төртте барамын.
А) Қазақ тілі.
В) Үйірмесіне.
С) Сағат.
D) Төртте.
Е) Барамын.
Дұрыс жауап: D

Заттың санын білдіретін сөз табын көрсетіңіз.
А) Зат есім.
В) Сын есім.
С) Сан есім.
D) Есімдік.
Е) Етістік.
Дұрыс жауап: С

Бір тәулікте неше сағат бар екенін анықтаңыз.
А) Он екі.
В) Төрт.
С) Отыз бір.
D) Жиырма екі.
Е) Жиырма төрт.
Дұрыс жауап: Е

Дара сан есімді көрсетіңіз.
A) Алтау.
B) Он төрт.
C) Екі жүз елу.
D) Алпыс бесінші.
E) Екі мыңыншы.
Дұрыс жауап: А

Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
A) Алтау.
B) Оныншы.
C) Екі жүз елу.
D) Алпыс .
E) Екі.
Дұрыс жауап: С

Негізгі сан есімді көрсетіңіз.
A) Алтау.
B) Оныншы.
C) Жеті.
D) Алпыс бесінші.
E) Екі мыңыншы.
Дұрыс жауап: С

Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
A) Алтау.
B) Он төрт.
C) Екі жүз елу.
D) Алты.
E) Екі мың.
Дұрыс жауап: А

-ау,-еу сан есімнің қай түрінің жұрнағы екенін көрсетіңіз.
A) Реттік.
B) Жинақтық.
C) Есептік.
D) Бөлшектік.
E) Болжалдық.
Дұрыс жауап: В

Реттік сан есімді көрсетіңіз.
A) Алтау.
B) Он төртінші.
C) Екі жүз елу.
D) Алпыс бес.
E) Екі мың елу.
Дұрыс жауап: В

Есептік сан есімді көрсетіңіз.
A) Бесеу.
B) Он төрт.
C) Екінші.
D) Бір бүтін оннан бір.
E) Екі мыңыншы.
Дұрыс жауап: В

Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
A) Жетеу.
B) Он бір.
C) Бес жүз елу.
D) Алпыс бесінші.
E) Мыңыншы.
Дұрыс жауап: А

Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
A) Алты.
B) Он төрт.
C) Екі бүтін оннан бес.
D) Алпыс бес.
E) Бес мың.
Дұрыс жауап: С

№?   06.12.2015 18:05
Молдир сен немене катайып турсын ьуны оздеринин енбектеримен жасап жатыр гой биреудын енбегин зая кетирип отсын сен баргой кишкене уялсаншы может бул тест саган керек боп калатын шыгар кайдан билесин сондыктан аузынды жауып тыныш котинди кысып отыр уктынба::(((
Мөлдір   05.12.2013 19:59
фу мне не нравится потому что 1,они не патой теме которую я задовала 2,их нельзя решить и 3, просто трато времени
амина   13.12.2011 21:31
өте қызықты
айгерим   03.06.2011 17:29
тест казак тілі
мерей   10.02.2010 23:31
норм
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход