Menu
Мәліметтерді тасымалдау протоколдары мен кіру әдістері.
Түрлі торабтарда мәліметтермен торабта алмасудың түрлі процедуралары болады. Бұл процедуралар мәліметтердің торабты каналдарына кіру әдістерін анықтайтын мәліметтерді тасымалдаудың протоколдары деп аталады.
Ethernet, Arcnet және Token-Ring секілді кіру әдістерінің нақты іске асырулары ең кең таралған.

Кірудің Ethernet әдісі.

1975 жылы Xerox фирмасы шығарған бұл кіру әдісі ең көп танымал. Ол жоғары жылдамдықты мәліметтер тасымалы мен сенімділікті қамтамассыз етеді.
Кірудің бұл әдіс үшін “ортақ шина” топологиясы қолданылады. Сондықтан бір жұмыс станциясы жіберген мәліметтер бір мезгілде ортақ шинаға жалғанған қалған компьютерлермен қабылданады. Бірақ тек бір станцияға арналған мәліметтті (ішінде арналған станция адресі мен жіберуші станция адресі болады) сол адрестелген станция қабылдап, қалған станциялар оны қабылдамайды.
Кірудің Ethernet әдісі мардымсыз тыңдау мен коллизияны (конфликт) шешуі бар көптеген кірудің әдісі болып табылады (CSMA/CD – Carier Sense Multiple Access with Collistion Detection).
Тасымалдау алдында жұмыс станциясы каналдың бос па, әлде бос емес пе екендігін анықтайды. Егер канал бос болса, онда станция тасымалдауды бастайды.
Ethernet бір мезетте екі немесе бірнеше станциялардың мәліметтер жіберу мүмкіндігін шығармайды. Аппаратура коллизия деп аталатын конфликтілерді автоматты түрде анықтайды. Конфлиті анықтағаннан кейін станциялар тасымалдау операциясын белгілі бір уақытқа кідіртеді. Бұл уақыт үлкен емес және әр станцияға өзінікі. Кідірістен кейін тасымалдау қайтадан қалпына келеді.
Шынайы конфликтер тораптың жылдамдығын тек, егер 80-100 станция жұмыс жасағанда ғана төмендетеді.

Кірудің Arcnet әдісі.

Бұл әдісті Datapoint Corp фирмасы шығарады. Ол, негізінен Arcnet жабдықтарының Ethernet немесе Toren-Ring жабдықтарына қарағанда аздығының арқасында кең таралды. Arcnet локалды тораптарда “жұлдызша” топологиясымен қолданылады. Компьютерлердің бірі, бір компьютерден екінші компьютерге тізбектеле тасымалданатын арнайы маркер (арнайы түрде хабар) жасайды.
Егер станция басқа станцияға хабар тасымалдағысы келсе, онда ол маркерді күтіп, оған жіберуші мен қабылдаушының адрестерімен толыққан хабар енгізеді.

Кірудің Token-Ring әдісі.

Token-Ring әдісін IBM фирмасы шығарады және ол тораптың сақина топологиясына есептелген.
Бұл әдіс Arcnet’ ке ұқсайды, өйткені бір станциядан екіншісіне тасымалданатын маркер қолданылады. Arcnet-тен айырмашылығы Token-Ring әдісінде түрлі жұмыс станцияларына түрлі приоритеттер бекітеді.

09.04.2010 13:46 Информатика Артем 1621 6302 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход