Menu
Махамбет Өтемісұлы
Махамбеттің балалық, жастық шағы. Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында , Нарындағы Бекетай құмында туған.Махамбет жас кезінде хан ордасында болған. Арабша да, орысша да хат білген. Жасынан-ақ шешендігімен , ақындығымен көзге түскен Махамбетті хан өзіне тартып, өзінің сөзін сөйлеп, сойылын соғатын, ханды мадақтап, даңқын жайып, беделін көтеретін сарай ақыны етуді ойлаған. Бірақ Махамбет Жәңгірдің бұл ойынан шықпаған. Орда айналасындағы әр алуан әділетсіздікті, жауыздықты өз көзімен көргеннен кейін ол жалпы ел басындағы ауыр халді де ұғына бастайды. Халық намысының аяққа басылғанына зығырданы қайнап жүрген өжет ақын бас кетер демей, ханмен ат құйрығын кесісіп, онымен ашық күреске шығады. Махамбет көтереліс кезінде. Еліне емірене қызмет етуді бүкіл ғұмыр-тіршілігінің мазмұны деп білген, Махамбет «қолына қоңыраулы найза алып», асқақ жырымен Исатай басшының соңынан ерді. 1829 жылы ол түрмеге қамалады. Бұл оқиға намысты, өр жанның ханға қарсылығын онан сайын өршіте түседі. Үлкен айқас 1836 жылы 14 сәуір күні Қиялымола деген жерде болады. Жәңгір мен Исатай қолы осы жерде кездеседі. Хан жасағын Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған. Күші өктем жау ержүрек сарбаздарға өлім үйіре ұмтылады, бірақ ерлер берілмейді, қас жауына қаһар шаша қарсы тұрады. Саны көп қалың қолдың тегеурінінен Исатай жасағы сирей бастайды, ығыса береді. 1837 жылы 2 қараша күні Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай ордасына екінші рет аттанады. Исатай қазасынан және көтеріліс басылғаннан кейінгі кезеңде. Исатай қазасынан кейін Махамбет түңілушілікке, жалғыздыққа сәл бой алдырады. Жырларында мұңаю сарыны пайда болады. Қарулы жасақтың көпшілігі тарап, қасында тек азғана топ қалады. Бытырап кеткен қолдың енді басын қосу қиын. Ел де үрейлеген. Жау бейбіт халыққа қысым-қиянатын бұрынғыдан да үдетіп, Махамбеттің ізіне шам ала түседі. Ақын өлеңдерінің ерекшіліктері. Махамбет – лирик ақын. Оның лирикаларының өзекті арқауы- елді ерлік күреске үндеу. Махамбеттің ерлікке толы «Ереуіл атқа ер салмай» , «Беркініп садақ асынбай» , «Толарсақтан саз кешіп» сияқты өлеңдері - шынайы саяси лирика. Ақын ерлерді қимылға, жаумен кескілескен ұрысқа, белдесе айқасуға шақырады. Махамбет өлеңдерін ереуіл жырлары дейтініміз де сондықтан. Махамбеттің біраз өлеңдерінде элегиялық сарын да байқалады. Көтеріліс жеңіліп, алға қойған мақсат орындалмай қалған соң, ақын көңілі жабырқау тартады, өзегін өрт шалады, ең аяулы достары, серіктері оққа ұшады, халық басына қара бұлт бұрынғыдан да төне түседі. Аңырап ел қалады, ер қуғынға ұшырайды. Елім деп өзегі талған, халқына қабырғасы қайысқан ақын өлеңдерін мұңды саздар сезіледі.
08.01.2011 19:47 История Казахстана Гость 2983 15727 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход