Menu
Біріккен сөздер
Бір сөзді екінші сөзге біріктіріп жаңа сөз туғызу тек кейінгі кезде ғана шыққан тәсіл емес, арғы заманнан келе жатқан, әбден орнығып қалыптасқан, үйреншікті сөздер.
Мысалы: бүгін, биыл, әкел, anap, әпер дейтін сөздерді алсақ, солардың әрқайсысы екі түбірден бірігіп, бір сөзге айналған. Алғашқы екі сөздің құрамында бұл күн, бұл жыл деген сөздер бар. Демек, бұл күн, бұл жыл деп тіркесіп айтылатын екі сөздің жиі қоланылуының нәтижесінде, олар бірте-бірте өзгере келіп, бүгін, биыл деген түрде орныққан. Ал, әкел, әкет, әпер, anap дегендер екі-екі сөзден қысқарып бірйуінен пайда болған: әкел — алып кел, әкет — алып кет, әпер — алып бер, anap — алып бар.
Ал, тіліміздегі абжылан, шалап, мүрап деген сөздер де, тілмар, тілазар деген сөздер де — кілең екі түбірден біріккен: абжылан — аб (арабша — cy) — жылан; шалап — шала-аб; мұрап — мұр («әкім») — аб. Сөйтіп, бұл сөздер бастпақы cy жылан, шала cy дегендерден бірігіп, бір сөзге айналған. Қосаяқ сөзі қос және аяқ деген сөздерден бірігіп жасалған. Сондай-ақ шекара, демалыс, еқбеккүн, баспасөз, айырбас, қолбасшы деген сияқты сөздер — соңғы жылдарда бірігу тәсілі арқылы туған жаңа сөздер.
Екі, кейде одан да артық түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі — біріккен сөздер деп аталады.
15.07.2010 11:38 Казахский язык Артем 4260 26863 1
Аделина   04.04.2015 11:50
Спасибо
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход