Menu
Жұрнақтар
Жұрнақ дегеніміз — өзі жалғанған сөзге лексикалық немесе грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Мысалы: бүркіт және бүркітші деген сөздер түбірлес сөздер болғандарымен, екеуінің лексикалық мағынасы бір емес, екеуі — екі басқа сөз. Жұрнақтардың қызметтері де, мағыналары да біркелкі емес, әр түрлі. Кейбір жүрнақтар түбір сөздің мағынасын өзгерткенімен, сол сөзді басқа бір грамматикалық категорияға ауыстырып жібермейді. Мысалы: мал мен малшы деген сөздер лексикалық мағынасы жағынан басқа-басқа сөздер, бірақ белгілі грамматикалық мағынасы жағынан зат есімге жатады. Кейбір жұрнақтар белгілі бір сөз табына тән сөздерді басқа бір сөз табына ауыстырады. Шеге, түз, аяк, дегендер зат есімге тән сөздер болса, оларды -ле(шегеле), -да(тұзда), -та(аяқта) жұрнағы етістікке айналдырып тұр.
Сөйтіп, сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын жұрнақты — сөз тудырушы жұрнақ деп атайды. Мысалы: киім, өнім деген сөздер -ім, жұрнағы арқылы ки, өн сөздерінен туған. Сондай-ақ aш, тол сөздерінен -ық жұрнағы арқылы ашық, толық деген жаңа сөздер жасалған. Сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән категориялары тудыратын мұндай жұрнақтардың лексикалық қызметінен гөрі грамматикалық қызметтері анағұрлым басым болады. Мұндай жұрнақтарды сөз түрлендіретін жүрнақтар деп атайды.
Жалаң жүрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақты айтады. Мысалы: білім, кешкі, ойла, кеспе, малшы, ұшқыш дегендердегі -кі, -ла, -ne, -шы, -қыш жұрнақтарының әрқайсысы мағына жағынан, тұлға жағынан да біртұтас жұрнақ.
Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемінде екі я онан да көп жалаң жұрнақтардан құралып (бірігіп) жасалған жұрнақтар күрделі (құранды) жұрнақтар деп аталады. Мысалы: Тұрғылықты, көтеріңкі, ашпалы деген -легі -ғылықты, (ғы-лық-ты), -іңкі (ің-кі), -палы (па-лы) т.б.
15.07.2010 11:48 Казахский язык Артем 4414 51357 2
Асем   26.05.2015 19:28
спасибо мне очень помогла
Сания   13.01.2011 18:09
snegurochka көп рахмет=)
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход