Menu
АЛАШТЫҢ АҚОРДАЛАРЫ - АСТАНАЛАРЫ
Дербес қазақ хандығы XY ғасырда әз Жәнібектің ел билеуімен басталды. Ал XYII ғасырда Тәуке хан тұсында мемлекет ретінде толық танылып, астанасы Түркістан қаласы болған. Абылай хан дәуірінде үш жүздің басы түгел қосылып, тұтастық одан әрі нығайған.
Ежелгі аты Ясы болған Түркістан түрік тектес халықтардың қасиетті мекені. Оның екінші Мекке атануы да кездейсоқ емес. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түрік мемлекетінің тануында бұл қаланың үлкен маңызы бар.
XX ғасырда кеңестік билік орнағанда, Түркістан кеңестік республикасы РСФСР-дің құрамына кірді. Қазақ хандығы Түркістан республикасының құрамдас бөлігі болды. Республика астанасы Ташкентке орнықты.
Кейіннен еліміз Қазақ АССР-і  атанып бөлінді. 1920-1925 жылдары Орынбор қаласы астана болды. 1925 жылы әкімшілік орталық Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Ақтың бояуы ұнамаған большевиктер Ақмешітті Қызылорда деп өзгертті. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Республика астанасы Алматы болды. Үш ғасыр бойы бодандықта  болған жұртымыз Алматыда өз тәуелсіздігін алды.  Ата Заңын қабылдап, мемлекеттік рәміздерді белгіледі. 1994 жылы Республика Парламенті Қазақстан астанасын Ақмолаға көшіру туралы ұйғарым жасап, одан кейін Республика Президентінің "Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Жарғысы шықты. Осы құжаттарға сәйкес 1997 жылдың 10-ші желтоқсанында Қазақстанның астанасы Ақмолаға көшірілді. Жаңа астананы дүние жүзіне таныстыру рәсімі 1998 жылдың 10 маусымында болды.

20.10.2009 20:13 Қазақ тілі Puma 6166 3
gg   13.09.2011 12:58
молодец
mukan   13.12.2010 22:34
sps !
Arab   11.02.2010 23:13
У меня в принципе есть все варианты за 2010 я почти все выучил!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход