Әлем елдерiмен терезесi тең
Тәуелсіздіктің бір белгісі - еліміздің дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер тарапынан танылуы болса керек. Осыған орай, еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып, ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына жақсы қызмет етті.
Тәуелсіз жас мемлекетіміз 1992 жылы 2 наурыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Республикамыздың көк байрағы әлем елдері туларының қатарына қадалды. Ел өмірінде жаңа кезең басталды. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін одан бұрынырақ жарияласа да, жеке мемлекеттер таныса да, енді бүкіл әлем оны шын мәнінде тәуелсіз егеменді ел ретінде таныды. Әлемдік мемлекеттер қауымдастығы қатарына қосылу елдік еңсені көтеріп қана қоймай, қарым-қатынастың жаңа арнасын ашты.1992-1993 жылдары іс жүзінде әлемнің 100 елімен дипломатиялық қатынас орнатылды, ал тәуелсіз даму жылдарындағы қатынас орнатқан елдеріміздің жалпы саны 121 болды. Бүгінде Қазақстанның БҰҰ /Біріккен Ұлттар Ұйымы/, ЮНЕСКО / БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы/, ЕҚЫУ/ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым/ секілді 64 халықаралық ұйымда өкілдігі бар.
Біздің еліміз басқа елдермен терезесін теңестіріп, тарихи дамудың жаңа бір арнасына түсті. Ол енді әлемдік мәселелерді шешуге араласады. Қазақстан Республикасы өз болашағын әлемдік мемлекеттер қауымдастығына тығыз байланыстан көреді. Сол қауымдастықпен тығыз байланыс тәуелсіздігіміздің де, экономикалық, әлеуметтік дамуымыздың да басты кепілдерінің бірі. Тәуелсіздіктің, дербестіктің еркін самалымен тыныстаған елдің орны қашанда сол өз теңдестерінің қатарында.