Menu
Аралық бақылау тапсырмалары
Бақылау Өткізу түрі Өткізу уақыты Ең жоғары балл Тапсырмалар
№1Аралық бақылау Жазбаша тапсырмалар кешені 6 апта 5 1. Әдептілік деп нені ұғасыз?
2. Досының келбеті мен мінезін сипаттау.
3. Менің елім – Қазақстан.
4. Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
5. Ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы формаға 10 сөз тіркесін жазу.
№2 Аралық бақылау Ауызша тапсырмалар кешені.14 апта 5 1. Қазақстан экологиясы туралы әңгімелеу.
2. Қазақстандағы туризм, оның даму тарихы.
3. "Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор” тақырыбына қатысты өз пікірін баяндау.
4. Университет, өз факультеті туралы әңгімелеу.
5. Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы.

Ағымдық бақылау тапсырмалары

Айтылым

Төмендегі тақырыптардың біріне жағдаятты монолог құрастырыңыз.
1. Спорт – денсаулық кепілі.
2. Ұлттық тағамдар.
3. Дәрігер – денсаулық қорғаны.
4. Мінез және келбет.
5. Мен және менің досым.

Жазылым
І нұсқа

І. Қосымшаны дұрыс жалғаңыз.
(Апта) көп достар таптым.
1. Туған (жеріміз) қол үзіп, (алыс) жүрміз.
2. Тәуелсіздіктің алғашқы (он жылы) көп өзгерістер болды.
3. Қазақ ханы мен (би-батыр) рөлін (американ) ойнады.
4. Кино (түсіру) қажетті (құрал-жабдық) сатып алынды.

ІІ Сөйлемді аяқтаңыз.
1. Бос уақыт дегенде мен ...... .
2. Компьютерлік технология ғасырында кітапты ...... .
3. Біз дене жаттығуларымен айналысқанда ...... .
4. Хобби деп кейде адамдар өзіне ұнайтын ...... .
5. Спортпен шұғылданатындардың өмір жасы ...... .
ІІІ. Төмендегі етістіктерді жедел өткен шақта жіктеңіз.
Тап, кет, сөйле, жаз, сөндір.

Жазылым
ІІ нұсқа

І. Өзіңіздің қызығушылығыңыз, бос уақытыңыз туралы бес сөйлем жазыңыз.
1......
2. ......
......
3. ......
......
4. ......
......
5. ......
ІІ. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Бос уақытыңызда қандай киноға барасыз?
2. Қандай спорт түрін ұнатасыз?

IІІ. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Моя дочь любит танцевать......
2. Сколько человек было на собрании? – На собрании было десять человек. ......
......
3. Я учился на юридическом факультете. ......
......
4. - Познакомтесь, это мои коллеги Динара и Назира. – Я рада знакомству. ......
......
5. Где расположена компания его друга? ......
......

Жазылым
ІІІ нұсқа

І. Отбасы мүшелерінің қызығушылығы, бос уақыты туралы бес сөйлем жазыңыз.
1......
2. ......
......
3. ......
......
4. ......
......
5. ......

ІІ. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Қонақ күту, саяхат жасау, тағам түрлері, денсаулық, менің досым

IІІ. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
1. Пойдемте, пожалуйста, в музей...... ......
......
2. Твой друг родился в Москве? . ......
......
3. Я не жила в Кызылорде. ......
4. Санат всегда сидит в читальном зале. ......
......
5. Если сходите (сендер) в поликлинику, вам выпишут лекарство. ......

Жазылым
ІV нұсқа

I. Берілген сөздерден нақ осы шақта сұраулы сөйлемдер құраңыз.

1. Жәмила, академияға, тапсыру, медициналық. ......
......
2. Сендер, дайындау, түскі ас. ......
3. Әсем, кітапханадан, алу, кітап. ......
......
4. Сіз, көрсету, тісіңізді, дәрігерге. ......
5. Сен, киноға, осы , бару. ......
ІІ. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ұлы адамдардың қызығушылығы туралы не білесіз?
2. Алматы қаласындағы қандай театрларды білесіз?

IІІ. Денсаулыққа қатысты 5 мақал-мәтел жазыңыз.

Оқылым.
• Мәтінді мұқият оқыңыз

КІТАП МҰРАЖАЙЫ

1978 жылы Алматы қаласында Республикалық кітап мұражайы ашылды. Бұл бұрынғы Кеңес Одағындағы Мәскеу мен Киевтен кейінгі үшінші, ал күллі кіндік Азиядағы жалғыз кітап мұражайы. Мұнда елу мыңнан астам кітап сақтаулы. Мұражайдың 6 залында түрлі халықтардың баспа ісі мен жазу тарихына қатысты экспонаттар қойылған. Қазақ жерінде туған, тұрған ғұламалардың кітаптары, түрлі-түсті суреттер, қару-жарақтар мен киіз үйдің әсем жабдықтарымен жарасым тауып тұр. Мұражайдың қорында аса сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры бар. Олар парсы, шағатай, араб, латын, кириллица әріптерімен жазылған. Мәселен, онда Құранның 98 түрі сақтаулы. Олардың ішінде ХҮІІ ғасырда алтын сиямен көшірілген Құран да бар. Ал кішкентай 8 қырлы Құран әлемде екеу-ақ екен, соның біреуі осы мұражайда сақтаулы.
1831 жылы Молда Самарқанди көшірген Әлішер Науаидың құнды қолжазбасы, 1891 жылы Қазан қаласында басылып шыққан Әбілғазы Баһадүрдің «Түріктердің тарихи шежіресі» атты кітабын және басқа да дастандарды, шежіре жазбаларды осы мұражайдан көруге болады. Ғалымдарды қатты қызықтырған бұдан жүз жыл бұрын Санкт-Петербургте шыққан «Пушкиннің лицейлік жолдастары мен ұстаздары» деп аталатын еңбегін де осы мұражайдан табуға болады.

А. Мәтінді тыңдап, шын немесе жалған жауабын табыңыз.
СҰРАҚТАР Шын Жалған
а) 1978 жылы Алматы қаласында ұлттық кітап мұражайы ашылды.
б) Бұл кіндік Азиядағы екінші кітап мұражайы.
в) Мұражайда елу мыңнан астам кітап сақтаулы.
г) Мұражайдың 6 залында түрлі халықтардың баспа ісі мен жазу тарихына қатысты экспонаттар қойылған.
д) Мұражайдың қорында аса сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры бар.
е) Олар латын әріптерімен жазылған.
ж) Онда Құранның 98 түрі сақтаулы.
з) Олардың ішінде ХҮІІ ғасырда алтын сиямен көшірілген Құран да бар. Ал кішкентай 8 қырлы Құран әлемде біреу-ақ екен, ол осы мұражайда сақтаулы.

Б. Дұрыс жауабын белгілеңіз.
1. Алматы қаласында Республикалық кітап мұражайы қай жылы ашылды?
А) бір мың тоғыз жүз сексен сегіз
Б) бір мың тоғыз жүз алпыс сегіз
В) бір мың тоғыз жүз жетпіс сегіз
С) бір мың тоғыз жүз жетпіс жеті
2. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Алматы қаласындағы мұражай Азиядағы ...... кітап мұражайы.
А) жалғыз
Б) екі
В) көп
С) бірнеше
3. Мұражайдың 6 залында не қойылған?
А) ағаштар
Б) экспонаттар
В) оқулықтар
С) үйлер
4. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қай әріптермен жазылған?
А) қазақ, қытай, араб
Б) орыс,қырғыз, өзбек
В) парсы, шағатай, араб, латын, кириллица
С) түрік, татар, башқұрт
5. Онда Құранның неше түрі сақтаулы?
А) тоқсан сегіз
Б) сексен тоғыз
В) сексен сегіз
С) тоқсан жеті
6. «Түріктердің тарихи шежіресі» кітабының авторы.
А) Әлішер Науаи
Б) Әбілғазы Баһадүр
В) Молда Самарқанди
С) Ибн-Сина
7. «Пушкиннің лицейлік жолдастары мен ұстаздары» еңбегінің шыққан жері.
А) Санкт-Петербург
Б) Қазан
В) Киев
С) Мәскеу
8. Мәтін не туралы?
А) қазақ тарихы жайлы
Б) тарихи тұлғалар туралы
В) мұражай тарихы жайлы
С) кітап мұражайы туралы

Емтихан сұрақтары
Мәтін тақырыптары
1.Қазақ халқының дүниетанымы.
2. Сөз әдебі
3. Әдептілік
4. Адамның жан дүниесі, сыртқы келбеті.
5. Денсаулық – зор байлық
6. Зиянды әдеттер
7. Білімді жастар – Қазақстанның жарқын болашағы.
8. Елбасы және жастар.
9. Менің елім – тәуелсіз Қазақстан.
10. Қазақтың өнері мен мәдениеті.
11. Мақал – сөз мәйегі
12. Шешендік өнер
13. Біз қалай демаламыз?
14. Ұлылар хоббиі
15. Қазақстан экологиясы.
18. Қазақстанның тарихи орындары.
19. Түркістан. Отырар.
20. Мемлекеттік тіл – халықтарды біріктіретін фактор.
21. Мен таңдаған мамандық.
22. Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі.
23. Ғасырлық тұлға
24. Әл-Фараби

Лексика-грамматикалық тест тапсырмалары

1. Жіктік жалғаулы сөздерді көрсетіңіз.
1. студентпіз, оқушымын, әншімін
2. кітабым, оқушың, әжесі
3. баласында, мектепке, үйден
4. көрермендер, ақындар, жазушылар
5. оқушымен, сенімен, оған
2. Тәуелдік жалғауын көрсетіңіз.
1. -ның,-нің, -дың,-дің, -тың, -тің
2. -пын, -пін, -бын,- бін,-мын, -мін, -сың, -сің, -сыз, -сіз
3. -ым, -ім, -м, -ың, -ің, -н, -сы, -сі, -ы, -і
4. -ға, -ғе, -қа, -ке
5. -пыз, -піз, -сыздар, -сіздер
3. Ілік септігінің жалғауын көрсетіңіз.
1. -нда, -нде, -да, -де, -та, -те
2. -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
3. -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
4. -ға, -ге, -қа, -ке
5. -сы, -сі, -ы, -і
4. Барыс септігінің жалғауын көрсетіңіз.
1. -қа, -ке, -ға, -ге
2. -мен, -бен, -пен
3. -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
4. -ар, -ер, -дар, -дер
5. -ым, -ім, -ң, -ын, -ін
5. Табыс септігінің жалғауын көрсетіңіз.
1. -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
2. -нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден
3. -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
4. -қа, -ке, -ға, -ге
5. -тар, -тер, -дар, -дер
6. Жатыс септігінің жалғауын көрсетіңіз.
1. -мен, -бен, -пен
2. -да, -де, -та, -те, -нда, -нде
3. -қа, -ке, -ға, -ге
4. -дан, -ден, -тан, -тен
5. -пыз, -піз, -быз, -біз, -мыз, -міз
7. Шығыс септігінің жалғауын көрсетіңіз.
1. -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
2. -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
3. -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
4. -қа, -ке, -га, -ге
5. -да, -де, -нда, -нде, -та, -те
8. Көмектес септігінің жалғауын көрсетіңіз.
1. -мен, -бен, -пен
2. -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
3. -қа, -ке, -ға, -ге
4. -ым, -ім, -сың, -сің
5. -мын, -мін, -сың, -сің
9.Тәуелді септеулі сөздерді көрсетіңіз.
1. баланың, ағаға, ағадан
2. інімнің, кітабында, әжесінен
3. кітаптан, үйде, оқушымен
4. одан, бізбен, сізге
5. студентпін, оқытушысыз
10. Жай септеулі сөздерді көрсетіңіз.
1. ағаштың, сабаққа, қаламмен
2. қарындасымен, әжесімен, інісімен
3. ағасынан, досыма, тауынан
4. кітабым, дәптерім
5. жастармыз, оқушымыз
11. Зат есім жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.
1. -сыз, -сіз
2. -ты, -ті, -ды, -ді, -ы, -і
3. -шы, -ші
4. -та, -те, -а, -е
5. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
12. Сын есім жасайтын жұрнақтарды табыңыз.
1. -шы, -ші
2. -та, -те, -да, -де
3. -сыз, -сіз, -ты, -ті, -ды, -ді, -ы, -і, -дай, -дей
4. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
5. -ған, -ген, -қан, -кен
13. Сын есімнің салыстырмалы шырайында тұрған сөздерді сөз тіркестерін көрсетіңіз.
1. өте, биік, ең терең
2. кеңірек бөлме, кішірек ыдыс
3. сары, ақысыз, суық
4. тым көп, сәл аз
5. тасты жер, сөзшең
14. Сын есімнің күшейтпелі шырайында тұрған сөздерді көрсетіңіз.
1. ең ұзын, кіп-кішкентай, тым көп
2. жуас адам, тәтті дәм
3. кешкі уақыт, жылырақ киім
4. қысқа, ыстық
5. сары, жасыл
15. Дәмді білдіреті сын есімдерді көрсетіңіз.
1. кең, тар, ұзын, биік
2. сабырсыз, аңқау, қатты
3. тәтті, ащы, дәмді, тұзды
4. сүйкімді, әдемі, көріксіз
5. ширақ, анқау, бұзық
16. Мінез-құлықты білдіретін сын есімдерді көрсетіңіз.
1. мейірімді, жуас, жеңілтек, қу
2. қышқыл, ащы, дәмсіз
3. қара, сұр, сарғыш
4. ұзын, жақын, кең
5. қызық, қиын, оңай
17. Көлемді білдіретін сын есімдерді көрсетіңіз.
1. жалқау, әдемі, қатты
2. қоңыр, көк, сары
3. кең, тар, үлкен, кіші
4. ауыр, жеңіл, тастай
5. тұшы, ащы, тұзды
18. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
1. біреу, жетеу, үшеу
2. екі-екіден, үштен
3. ондарда, он шақты
4. жиырма бес, он сегіз
5. бірінші, үшінші, жетінші
19. Реттік сан есімдерді көрсетіңіз.
1. бірінші, төртінші, бесінші
2. жиырма бес, отыз бір, жүз
3. екі жарым, үштен бір, бір бүтін
4. жетеу, бесеу
5. екіден бір, үштен екі
20. қысқа, тар, ауыр, сөздерінің антонимдерін көрсетіңіз.
1. дөңгелек, түзу, биік
2. кең, ұзын, жеңіл
3. ащы, тәтті, қара
4. ақ көңіл, қатыгез, көрікті
5. жуас, момын, қызық
21. Дене мүшелерін керсетіңіз.
1. жүрек, өкпе, асқазан, бүйрек, бауыр
2. ыдыс, киім, аяқ киім, бас киім
3. ойла, жуын, жүгір
4. сабақ, оқулық
5. кескін, күш-қуат
22. Етістіктің болымсыз түрін қөрсетіңіз.
1. баста, көрінді, кешікті
2. демалма, кірме, кешікпе
3. жазу, түсіндіру, оқыту
4. біз емес, дәптері жоқ
5. менікі емес
23. Етістіктің нақ осы шақ формасын көрсетіңіз.
1. кетер, айтпақ, жүрер
2. жазып отыр, бара жатыр, сөйлеп тұр
3. көрді, жазған, оқыты
4. айтқызды, жазғызды
5. көріпті, барыпты
24. Етістіктің жедел өткен шақ формасын көрсетіңіз.
1. айтқан, баратын, көмектесетің
2. жинаймын, пісірмекпін
3. биледік, айттым, қарадың
4. ән айтып отырмыз, жуып жатыр
5. оқыпты, барыгпы
25. Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасын көрсетіңіз.
1. демалғанбыз, көріпті, оқығансың
2. жуып жатыр
3. кетеді, жазады
4. отырмын, сөйлеп тұрсың, береді
5. кетпек, айтар, жазамын
26. Етістіктің мақсатты келер шақ формасын көрсетіңіз.
1. жүзеді, оқып отыр, жүр
2. айтар, барады, түсіндіреді
3. сатып әпермек, жұмыс істемекпін
4. дайндалған, кешіккен
5. тұрыпты
27. Етістіктің болжамды келер шақ формасында тұрған сөздерді көрсетіңіз.
1. оқыдым, келген
2. бармақпын, жазбақ
3. айтармын, оқырсың
4. барған емес
5. оқимын, білмеймін
28. Етістіктің ауыспалы осы (келер) шақ формасын көрсетіңіз.
1. айтамын, үшады, жауады
2. жазып отырмын, сөйлеп тұрсың
3. барған, айтты, көмектесетін
4. оқыпты, жазыпты
5. оқыған жоқ
29. Сілтеу есімдікгерін көрсетіңіз.
1. қанша? неше? қай?
2. мен, сен, сіз
3. анау, мына, бұл
4. өзіңіз, өзі, өздерді
5. бәрі, барша, бүкіл
30. Өздік есімдігін көрсетіңіз:
1. барлық, бәрі, әрбір
2. ешкім, ешнәрсе, ешқашан
3. өзім, өзің, өзіңіз
4. біреу, кеибіреу
5. осы, мынау
31. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз:
1. өзі, өзіңіз, өздеріңіз
2. біреу, кейбір, кей, бірдеме
3. бәрі, барша
4. біз, сендер
5. қай? қанша? қайтіп?
32. Туыстық атауларды көрсетіңіз.
1. қарындас, іні, немере
2. халық, ел ұлт
3. дыбыс, дауыс
4. жұрт, бай, кедей
5. зиялы, ғалым, ұстаз
33. Қалау райлы сөздерді көрсетіңіз.
1. айта аламын, бара алмаймын
2. келейін, жазайын, түсіндір
3. оқығым келеді, жүргім келмейді
4. айтса, оқыса
5. түсіндірдім, барайық
34. Шартты рай формасындағы сөйлемді көрсетіңіз.
1. Күн жылы болса, біз тауға шығамыз.
2. Сен бүгін соңғы емтиханды беске тапсырдың ба?
3. Оның менімен шахмат ойнағысы келеді.
4. Маған кітап керек.
5. Оған осыны түсіндір.
35. Бұйрық рай формасындағы сөздерді көрсетіңіз.
1. жазайын, жазыңдар, жазсын
2. көрсе, айтпаса
3. қыдырғысы келеді, отырғысы келмеді
4. бармады, айтып берген
5. оқып тұрған
36. Есімше формалы сөз тіркесін көрсетіңіз:
1. оқыған адам, піспеген тағам
2. кітапты беріп жатыр
3. мейрамды асыға күту
4. қызық кітап
5. ананы сыйлау
37. Есімше формалы сөз тіркесін көрсетіңіз.
1. үйге кірді
2. көмектескелі келді
3. оған айтты
4. прокурор деп аталатын кітап
5. дәптеріне қарады
38. Көсемше формалы сөз тіркесін көрсетіңіз.
1. келмеген кісі
2. қысқы суық
3. сен айтарсың
4. емтихан тапсырғалы кетті
5. шөп шабатын машина
39. Мезгіл үстеулерді көрсетіңіз.
1. артта, астында, үстінде, жоғары, төмен
2. былтыр, қазір, соңыра, ертеде
3. өте, тым, нағыз
4. осында,онда
5. тез, әрең, дереу
40.Сын бейне үстеулерді белгілеңіз.
1. сонша, соншама, бір-бірден, қаншама
2. мұнда, осында, онда
3. тез, әрең, дереу, бірауыздан, ақырын
4. қазір, сонда
5. жазда, күніне
41. Септеуіктерді көрсетіңіз
1. үшін, кейін,бойынша, бері,арқылы
2. мен, және, да, де
3. керек, сияқты, рас, мүмкін
4. өйткені, сондықтан
5. тек қана, дегенмен
42.Туынды үстеулерді көрсетіңіз
1. ертең, бүгін, қазір
2. жазда, айдай, күніне
3. көп, аз, бүрсігүні
4. осы, ана, мына
5. кеше, әдейі
43.Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз
1. аспанды қара бұлт басты.
2. Асқар Әсем тұрмыстық үйіне барды да, аяқ киімін жөндетіп әкелді.
3. Сәкен досына сұрақ қойып жатыр.
4. Жер бетін аппақ қар басты.
5. Мен тез жетгім.
44. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.
1. Көктем келді де, күн жылынды.
2. Үйге достарым барды.
3. Біз сабақтан шыққан соң, көшеде біраз жүрдік.
4. Үйді бөріміз көрдік.
5. Самат кеше барган жоқ.
45. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
1. Ең жақсы тіл-ана тілі, сондықтан оны аса құрметтеу керек.
2. Сабақ аяқталған жоқ.
3. Мен ағамның үйіне келдім, бірақ мүнда ешкім жоқ.
4. Жаңбыр біресе жауады, біресе басылады.
5. Сен кеттің, біз келдік.
46. Себеп-салдар салалас сөйлемін көрсетіңіз.
1. Біз дәптер сатып алған жоқпыз, өйткені ақшамыз болмады.
2. Самат досына хат жазбады.
3. Сен барғанша, біз жұмысты бітіреміз.
4. Күн суық, үй суық.
5. Асқар хат жазып отыр.
47. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
1. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы туған.
2. Жел күшейіп, ауа райы бұзыла бастады.
3. Күз болғанда, құстар жылы жаққа кетеді.
4. Қонақтар домбыра тартады, би билейді, тамақ ішеді.
5. Қайрат сағатын жөндетуге кетті, мен үйде отырдым.
48.Сан есімнің анықтамасын белгілеңіз
1. Іс - әрекетгі білдіретін сөз табы.
2. Заттың атын білдіреді.
3. Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.
4. Заттың түр-түсін білдіретін сөз табы.
5. Мағынасы жоқ сөздер.
49.Әдемі сөзінің синонимдерін көрсетіңіз.
1.сүйкімді, сұлу, көрікті
2.жақсы, жаман, жақын
3.түс, ат, қара
4. асты, үсті, маңы,ортасы
5.оңтүстік, жай, шығыс
50. Етістіктің сұрақтарын көрсетіңіз:
1. кімді? нені?
2. кім? не?
3. қанша? қашан?
4. не істеді? қайтті?
5. қандай? қай?
51. Математикалық арнаулы сөздерді көрсетіңіз:
1. амал, тендеу, бұрыш, тақ сан, жұп сан
2. тұрмыстық қызмет көрсету
3. киім, ыдыс, табақ, тамақ
4. балалық шақ, ұжым
5. ұстаз, тәрбие
52. Математикалық арнаулы сөздерді көрсетіңіз.
1. салмақ, бөлшек, артық, кем, болу
2. түйе, қозы, бота
3. құс, өсімдік
4. жер қабаты, орман-тоғай
5. сәндік өсімдіктер
53. Етістіктің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.
1. бастауыш
2. баяндауыш
3. анықтауыш
4. толықтауыш
5. пысықтауыш
54. Етістіктен жасалған бастауышты көрсетіңіз.
1. Оқу - басты міндетіміз.
2. Студенттер институт ауласында сенбілік жасады.
3. Спорт кешені жүмыс істейді.
4. Үйге кеш қайттық.
5. Оның кітабы - екеу.
55. Математикалық амалдарды белгілеңіз.
1. қосу, алу, көбейту, азайту
2. қар, жаңбыр, өзен
3. өкімет, мемлекет, кәсіпорын
4. баспасөз, ресми сапар
5. апта жаңалықтары, ынтымақтастық,
56.Өздік етістің жұрнағындағы сөздерді көрсетіңіз.
1. көмектесті, қуып жеттік, қашып кеттіңіз
2. жуынды, таранды, киінді, көрінді
3. жіберілді, жазылды
4. кездестік, сөйлестік
5. ертегі оқыттық, үй жүмысын жазғызды
57.Ортақ етістің жұрнағындагы сөздерді көрсетіңіз.
1. барыңыз, оқы, аударыңыз
2. ән айтқыздық, хат оқытқыздық
3. әжеге кемектестік, кездестік, жүк көтерістік
4. оқып жүрміз, көрінді
5. бара жатыр, үшпақшы
58. Мына өлеңнің авторын көрсетіңіз:
Ана тілің - арың бүл,
Ұятың боп түр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
1. А.Құнанбаев
2. С.Торайғыров
3. Қ.Мырзалиев
4. Ы.Алтынсарин
5. М.Жұмабаев
59. Етістіктің жедел өткен шақ формасын көрсетіңіз:
1. айтқан, баратын, көмектесетің
2. жинаймын, пісірмекпін
3. биледік, айттым, қарадың
4. ән айтып отырмыз, жуып жатыр
5. оқыпты, барыпты
60. Ырықсыз етісті сөздерді табыңыз.
1. өтеді, мақтанбайды, мақтанады
2. өткізілді, хат жіберілді, қонақтар шақырылды
3. көйлек тіккізілді, жазғыздық
4. байқамай қалды
5. бара алмады, айтқысы келді
61. Дене мүшелерін табыңыз.
1. жапырақ, сабақ, тамыр
2. ыдыс, пышақ, қасық, шанышқы
3. саусақ, бауыр, бүйрек, маңдай, ауыз
4. әдебиет, мәдениет
5. ауа, денешынықтыру
62. Өзгелік етіс жұрнағындағы сөздерді көрсетіңіз.
1. көйлек тіккізді, киіп көргізді, сәбиді ұйықтатты
2. айтпақ, үйге келмек
3. көруге барады, ақылдасқалы келді
4. түсінбейді, тамақ ішпейді
5. ағашты суғарады
63. Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасын көрсетіңіз.
1. демалғанбыз, көріпті, оқығансың
2. жуып жатыр
3. кетеді, жазады
4. отырмын, сөйлеп тұрсың, береді
5. кетпек, айтар, жазамын
64. Етістіктің мақсатты келер шақ формасын көрсетіңіз.
1. жүзеді, оқып отыр, жүр
2. айтар, барады, түсіндіреді
3. сатып әпермек, жұмыс істемекпін
4. дайындалған, кешіккен
5. тұрыпты
65. Тұрлаусыз мүшелерді көрсетіңіз.
1. бастауыш, баяндауыш
2. бастауыш, анықтауыш
3. баяндауыш, толықтауыш
4. пысықтауыш, бастауыш
5. анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш
66. Анықтауыштың сұрақтарын белгілеңіз.
1. кім? не?
2. не істеді? қайтті?
3. кімде? неде? кіммен? неден?
4. қандай? қанша? неше? кімнің? ненің?
5. қашан? қалай?
67. Мына өлеңнің авторы кім?
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны - терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп
1. Жамбыл Жабаев
2. Ыбырай Алтынсарин
3. С.Торайғыров
4. Абай Құнанбаев
5. М.Жұмабаев
68. Жалғаудың анықтамасын белгілеңіз.
1. Сөзбен сөзді байланыстырады.
2. Сөзден сөз тудырады.
3. Сөзді түрлендіреді.
4. Сөзден жаңа сөз жасайды.
5. Ешбір қызметі жоқ.
69. Қазақ тіліндегі жалғаудың дұрыс санын көрсетіңіз.
1. 2.
2. 3.
3. 4.
4. 5
5. 6.
70. Жұрнақтың анықтамасын белгілеңіз.
1. Сөзді түрлендіреді
2. Сөзден сөз тудырады
3. Сөз бен сөзді байланыстырады
4. Толық мағынасы жоқ сөз
5. Сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.
71. Мына үзінді алынған мәтінді белгілеңіз.
Міне, көрдің бе, жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Бәрі де жұмыс істеп жүр.Сен де ертеден кешке дейін босқа жүріп уақытыңды бекерге жіберме. Еңбек етуге әдеттен. Еңбек етсең – емерсің, - деген Ы.Алтынсарин.
1. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
2. Қазақша жыл санау.
3. Адам - қамқоршы
4. Ботаника бағы.
5. Әке тәлімі.
72."Развиваться, исправить, использовать, лечить" сөздерінің аудармасын белгілеңіз.
1. түсіндіру, байқамау, бақылау, жүргізу
2. даму, түзету, пайдалану, емдеу
3. басшылық ету, кездесу, арналған, аяқтау
4. жабдықталған, жіберу, қол жеткізу, гүлдену
5. жақсарту, аулау, жүзу, ұшу
73."Обеспечивать, достижение, осуществлять, исследование" сөздерінің дұрыс аудармасын белгілеңіз.
1. қону, тіршілік ету, қайнату, кездеседі
2. ызалану, жайылып жүреді, құр, қалу
3. қашу, айқайлау, сену, бейімделу
4. қамтамасыз ету, жетістік, жүзеге асыру, зерттеу
5. қоректену, жою, есу, мекендейді
74."Широко распространен, внес вклад" сөздерінің дұрыс аудармасын белгілеңіз.
1. кеңінен тараған, үлес қосты
2. қызмет істеді, меңгерді
3. пайда болды, жарыққа шықты
4. ойдағыдай аяқтады, алмастырды
5. жүргізілген тәжірибе, зерттеді
75. Етістіктің болжалды келер шақ формасында тұрған сөздерді көрсетіңіз.
1. оқыдым, келген
2. бармақпын, жазбақ
3. айтармын, оқырсың
4. барған емес
5. оқимын, білмеймін
76.Етістіктің ауыспалы осы (келер) шақ формасын көрсетіңіз.
1. айтамын, ұшады, жауады
2. жазып отырмын, сөйлеп тұрсың
3. барған, айтты, көмектесетін
4. оқыпты, жазыпты
5. оқыған жоқ
77. Уақыт: "Без двадцати пяти восемь". Аудармасын көрсетіңіз.
1. сегізден жиырма бес минут кетті
2. жетіден жиырма бес минут кетгі
3. жетіге жиырма бес минут қалды
4. жиырма бес минутсыз жеті
5. жиырма бес минутсыз сегіз
78. Уақыт: "Двадцать минут первого" Аудармасын көрсетіңіз.
1. бірге жиырма минут қалды
2. бірден жиырма минут кетті
3. он екіден жиырма минут кетті
4. он екіге жиырма минут қалды
5. жиырма минутсыз бір
79. Иелік форманы көрсетіңіз.
1. оқушыда, менен
2. ағанікі, біздікі
3. інімен, бізден
4. бізді, қарындасты
5. сенде, онымен
80.Сілтеу есімдіктерін көрсетіңіз.
1. қанша? неше? қай?
2. мен, сен, сіз
3. анау, мына, бұл
4. өзіңіз, өзі, өздерді
5. бәрі, барша, бүкіл
81. Антоним сөздердің қатарын көрсетіңіз.
1. дәмді, құрметті, биік
2. жап-жақсы, кішкентай
3. қымбат, арзан, жеңіл, ауыр, ыстық, суық
4. ыңғайсыз, қатты
5. тау, жер, кеңістік
82. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы сөз тіркесін көрсетіңіз.
1. досыма қарадым
2. мектептен қайттым
3. інімнің ойыншығы
4. әкеммен ақылдастым
5. саған барамын
83. Келесі сөздердің аудармасын көрсетіңіз: "прибыль, расход"
1. жарнама, кәсіп, өнім
2. кіріс, шығын
3. нарықтық баға, келісім, әлеуметтік сақтандыру
4. қажетті өнім, несие, зейнетақы
5. жалақы, жеке меншік, дағдарыс
84.Сөздерді аударыңыз: "кредит, социальное обеспечение, соглашение"
1. алыпсатарлық, халық шаруашылығы, салық
2. жалдама, жұмыссыздық, делдал
3. несие, әлеуметтік қамсыздандыру, келісім
4. ынтымақтастық, әлеуметтік экономикалық міндеттер
5. өндіруші, тұтынушы, өндірістік кәсіпорындар
85.Сөздердің аудармасын көрсетіңіз: "модернизация оборудования, уровень жизни населения, внеплановый"
1. жабдықты жаңғырту, халықтың тұрмыс дәрежесі, жоспардан тыс
2. қымбаттау, арзандау, көтерме баға
3. айналым қорлары, қаржы
4. сыртқы сауда бірлестігі, тұрғын үй, тұрғын алаң
5. материалдық ынталандыру, күрделі жөндеу, өркениет
86.Өздік есімдігін көрсетіңіз:
1. барлық, бәрі, әрбір
2. ешкім, ешнәрсе, ешқашан
3. өзім, өзің, өзіңіз
4. біреу, кейбіреу
5. осы, мынау
87. Етістіктің болжалды келер шақ формасында тұрған сөздерді көрсетіңіз.
1. оқыдым, келген
2. бармақпын, жазбақ
3. айтармын, оқырсың
4. барған емес
5. оқимын, білмеймін
88. Ауа райы туралы мәліметті көрсетіңіз.
1. Ертеңгі ауа райы туралы мәліметті білмейсіз бе?
2. Суға әбден малшындым. Мен тоңдым.
3. Бүгін жер тайғақ. Ауа райы жауынды-шашынды
4. Бүгін ауаның температурасы қандай?
5. Жапырақтар сарғая бастады
89.Үй ішінде қандай жұмыстар істейсің?
1. Кір үтіктеймін, тамақ пісіремін, шаң сүртемін.
2. Кітапханада дайындаламын, көшеде қыдырамын.
3. Дүкен аралаймын, шаштаразға барып шашымды қиғызамын.
4. Дәріс тыңдаймын, шаңғы тебемін
5. Рахмет айтамын, жолмен жүремін
90. Қыс мезгіліне тән ерекшелікті көрсетіңіз:
1. Күн ұзақ, түн қысқы болады.
2. Жылдың ең суық мезгілі
3. Бұл мезгіл - көкөніс, жеміс -жидектің піскен мезгілі
4. Жапырақтар сарғаяды.
5. Құстар ұшып келеді

15.07.2010 15:40 Қазақ тілі Артем 11648 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход