Menu
Энергетиканың эволюциясы
Төртінші кезең ХХ ғасырдың ортасынан басталады. Бұл кезеңде қайта жаңармайтын ядро отындарының бөліну энергиясы игеріледі. Қайта жаңармайтын ядро отындары – уран, плутоний, торий. Ядролық және термоядролық отындар мол мөлшерде пайдаланып, қоршаған орта «ластанады». Төртінші кезеңнің аяғы нейтрондар мен протондардың бөліну энергиясының игерілуіне байланысты. Осы энергия көздері толық игерілетін болса, термоядролық синтез арқылы адамзат шексіз энергия байлығына кенеледі.

Олай болса, төртінші кезең аяқталмайды. Егер жердегі барлық энергия көздері пайдаланып болса, сонда ғана бесінші кезең басталады. Адамзат өздігінен жаңарып отыратын энергия қорлары – күн сәулесі, өзен, теңіз тасқыны, жел, жер асты ыстық көздері мен өсімдіктердің химиялық энергияларын пайдаланатын болады.

16.09.2010 18:18 Қазақ тілі Артем 3050 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход