Menu
Инфляция
Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерін тудырады.
    Инфляцияның басты ерекшелігі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады.
    Инфляцияның өз тарихы бар. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты.
    Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды.
    Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды.
Инфляция латын сөзі (Infillito-конепию), қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік – экономикалық құбылыс жиынтығы. Айналыстағы ақша өлшемдегі мөлшерінің бағалардың қосылуынан артып кетіп, осының нәтежесінде таурлар мен қамтамасыз етілмеген ақшалардың пайда болуы инфляцияны білдіреді.
Инфляциядан өндіріс көп зардап шегеді, еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі болып тұрып, тауар мен аз тепте – теңдікті белгіленген норма бойынша бөлуге  мәжбур етеді.

20.10.2009 21:07 Қазақ тілі Puma 3679 1
Аида   25.02.2010 17:27
thank you, veryy much!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход