Menu
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Наурызды ата-бабаларымыздың  сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білідреді.  Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен. Наурыз-жаңа күн, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы.  Бұл біздің халқымызда  күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-нші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл-қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ.
Бұл күні аталарымызбен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілісетін болған. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы наурыз-күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.

Наурыз-шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарқанға толған асы.

Өмірін өте келе шал боларсың,
Томардай отқа түскен дал боларсың.
Ойнап-күл елмен бірге Наурызда,
Бұл күнге өмір өтсе зар боларсың.

Ұшады аққу көлден қазыменен,
Жүреді көл жағалап жазыменен.
Жарасар ойын-күлкі осындайда,
Ойыңды баурайтұғын назыменен.

Көрінер ағаш сұлу алмасымен,
Соғады ұста темір балғасымен.
Барады жыл айналып көрмегелі,
Аман ба ауыл-аймақ мал-басымен?

Ана тау мен мына тау тиісіп тұр,
Бастарын бір-біріне иісіп тұр.
Екі тау баурайында өскен халық,
Құшақтасып наурызда сүйісіп тұр.

Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мейрамдар көп. Соның ішінде бірегейі-Наурыз. Наурыз-түркі халықтарының жыл басы болған. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін халықты рухани тәрбие  қайнары-ұлттық дәстүрлерден айыру мақсатында діни мейрам дегенді желеу етіп Наурызды тойлауға тиым салған еді.  Наурыз мейрамы қазір жалғыз түркі тектес ұлттар ғана емес, көп елдер мен ұлыстардың мерекеленетін мейрамына айналып келеді.
Мұндай мейрам өзге халықтардың да дәстүрінде бар екен. Ал, ежелгі түркілердің дәстүрінде тіптен қызық. Ұлыс күндері барша ер азаматтар  бойларын түзеп, жаңа киімдерін киіп, алтын күн садақ атып машықтанады.  Жетінші күні барлығы жиналып, жамбы атады.
Түбі бір түркі халқы-Иранды арабтар жаулап алғанға дейін наурыз күні  күн сөзінің бас әрпін «шин»-мен басталып жеті затты дастарханға қояды екен.  Бұл үрдіс әлі күнге дейін жойылған жоқ. Бұл күндері республикамызда жасайтын барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдері мақтайтын наурыз көжемізде жеті қасиетті тағаманан дайындалады емес пе...

20.10.2009 20:38 Қазақ тілі Puma 43959 8
гулназ   10.03.2013 14:45
маган 22 наурыз сценарии керек балабакшага
Қалмырза Гүлдана   16.03.2012 23:07
Маған дәл осы тұрғанда 22-наурызға сценарий тауып берулеріңізді сұраймын!?.
раушан   13.03.2012 18:59
сценарий тауып бериниздершии
zhazira_love_97   11.03.2012 21:55
маған наурыз мейрамының сценарий қажет 12 наурызға дейн
акбаян   21.03.2011 19:12
22наурызга серари керек тауып бериниздерші cry
Жанар   17.03.2011 13:24
сайтында жақсы наурыз сценарийлері бар, қазақша құттықтаулар, тілектер, баталар да табылады
Фатима   11.03.2011 19:47
Наурыз мейрамына сценарий тауып бериниздершиии????плиииз wink
ДУМАН   30.12.2010 12:03
с наступающим!!!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход