Menu
Мұражай және өз өлкем.
Мұражай-гректің мусейон-орын, муза ғимаратханасы деген сөзі. Революцияға дейін
Қазақстанда 3 мұражай болды. Қазір 50-ден аса мұражай, олардың ішінде өлкетану, тарихи-мемориялдық, әдеби-мемориялдық, тарихи революциялық, этнографиялық мұражайлар бар. Қоғамдық негізде жұмыс істейтін жүздеген мұражай бар.
Алматыда орталық мемлекеттік мұражай 1929 жылы құрылған. Қазақстан денсаулық сақтау және медицина тарихи мұражайының 12 залында, 10 мыңға жуық экспонат бар. Қазақстанның орта ғасыр ғылым медиктерімен таныстырады. Денсаулық сақтау ісінің және медицина ғылымның дамуы жөнінде материалдар мол қамтылған.
Республикада мемориалдық мұражайлар көп. Әсіресе М.О.Әуезовтың,С.Мұқановтың, Семейдегі А.Құнанбаевтың (мемориалдық мұражайларының), Қаскелеңдегі Жамбылдың мемориалдық  мұражайларының ғылыми мәні бар. Алматыда кітап мұражайы бар, онда 530 мыңнан аса экспонат қойылған. Барлық облыс орталықтарында тарихи-өлкетану мұражайлары ұйымдастырылған. Ақтөбеде өлкетану мұражайы 1929 жылы мектеп мұражайының негізінде құрылды. Қорында өте көп экспонат бар. Олар қазақтың көне тарихынан дерек береді, даму жолдарын белгілейді, халқымыздың революциялық, жауынгерлік және еңбек дәстүрін, облыс еңбекшілерінің табыстарын насихаттайды.
Ақтөбе қаласында қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұлованың мемориалдық мұражайы бар. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында  өзінің тарихын баяндайтын мұражайы бар. Осындай мұражайлар орта оқу орындарында, мектептерде ұйымдастырылған.
20.10.2009 20:11 Қазақ тілі Puma 6573 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход