Menu
Наурыз көже.
Ұлыстың ұлы күні жасалатын-қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Тұз бен суды қосқанда дәмнің саны тоғыз болуы тиіс. Түркі халықтарының ұғымында жеті мен тоғыз және қырық-аса киелі сандар. Сол себепті наурыз көже аса қасиетті тағам болып саналады. Оған қоса, ол –тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.
Наурыз қарсаңында халқымыз Қызыр күні Жаңа жыл табалдырық аттап үйге енгенде «жалғыз шала сәуле болмас»-деп төрге қос шырақ жағады екен. Үйдің іші кір қоқыстан ада болса, жыл бойы ауру сырқаудан аман боламыз деген сеніммен мүліктерін жуып сүртіп, көрпе, жастықтарды қағып, сілкілейтін болған.
Жаңа жылды қалай қарсы алсан жыл бойы өмірін осылай өтеді деген нақыл әр халақта бар. Халқымыз жыл бойы молшылық болсын деп ыдыстарға бидай, арпа, сұлы, жүгері толтырып, сүт, айран, шұбат, шалап, уыз құйып қояды екен.

20.10.2009 20:38 Қазақ тілі Puma 9900 1
ЖАНЁКА)))   28.04.2011 12:56
biggrin рахмет)))
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход