Menu
Өнер мұражайында
Біз кеше Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына бардық. Мұражайда қазақтың ұлттық киімдерінің көрмесі ашылды. Көрмеге ұлттық киімдердің сан алуан үлгілері қойылған. Олардың жасалуы, түрі өте әдемі, әрі айрықша. Ұлттық киімдердің жасалуында этникалық дәстүрдің, тұрмыс-тіршіліктің, қоғамның белгілері бар. Бұрынғы заманда қазақтар сыртқы киім үшін малдың жөне аңның терілерін пайдаланған. Қазақтар терілерді әбден жұмсартып өндеген. Терілерден тон тігілген. Мамық жүнді андардың терілерінен тігілген тон ішік деп аталған ішіктің сырты матамен тысталған. Мысалы, жанат ішік-жанаттың терісінен, түлкі ішік- қара түлкінің немесе қызыл түлкінің терісінен тігілген. Үй малдарының терісі де киім үшін пайдаланған. Құлынның терісінен тігілген тон жарғақ тон деп аталады. Шапан мен шекпен- кене киім үлгілері. Шапан түйе жүнінен немесе қой жүнінен жасалады, ал шапан әр түрлі қымбат маталардан тігілген.
Бас киімдер де өте әдемі. Олардың ең көп тараған түрлері-қалпақ, бөрік және тымақ. Қалпақ түйе жүнінің терісінен, ал бөрік бағалы аң терілерінен тігілген. Кәмшат бөрік, қүндыз бөрік деп аталатын бас киімдер бар.
Көрмеге қойылған әйел киімдері де өте әдемі. Мұражайда айрықша және өзгеше әйел бас киімі- сәукелелер қойылған. Сәукеле үшкіл нысанды, оған асыл тастар қадалған. Бұрынғы замандағы қазақ ейелдерінің сәукелесі туралы этнограф — ғалым Шоқан Уәлиханов жазған болатын. Сәукеле — қалыңцықтың бас киімі. Сәукеледен басқа қазак, әйелдері желек, кимешек, жаулық деп аталатын бас киімдер киген. Көрмедегі қамзол, желең шапан, . койлек түрлері де сан алуан. Ер адамдар мен әйелдердің үлтгық киімдерінің белдіктері де ерекше кез тартады. Белдіктер былғарыдан, барқыттан, жібектен жасалған, былғары белдіктерге асыл тастар орнатылған, кейбір белдіктерге кісе мен оқшантай ілінген.
Көрме бізге өте ұнады. Одан біз халқымыздың тарихы мен мәдениеті туралы көп мағлұмат алып қалайық.

20.10.2009 20:58 Қазақ тілі Puma 5047 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход