Menu
Әні Р.Таймановтікі. Сөзі И.Сапарбаевтікі.
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған,

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,

Өмірде қалған із бар «Ақтабаннан».



Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

Тағдырым қарауылға қанша ілінді.

Ерліктің қос қанаты деп білемін,

Аяулы Әлиям мен Мәншүгімді.



Піт тұтқан адамдықты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған тәмам жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық.

Қыздардың ғұмырымын заман құтты.



Сүймеген сені азамат-азамат па,

Көңілің тәрізді аппақ таза мақта.

Бәрін айт, бірін айт та-лайықтысың,

Қазақтың қызы деген ғажап атқа.
20.10.2009 19:24 Қазақ тілі Puma 5070 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход