Олжас Сүлейменов
Олжас Сүлейменов-(1936 жылы туған) 1936 жылы 8 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетін 1950 жылы бітірген. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының аударма бөлімінде оқыған. Олжас Сүлейменов «Казахстанская правда» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлік-редакция алқасының бас редакторы болып қызмет істеген.
1990 жылы ядролық апатқа қарсы «Семей-Невада» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қосты. Ол сол жылдары ҚР Жоғарғы кеңесінің депутаты, одан соң Қазақстанның Италиядағы өкілетті елшісі болады.
Олжас Сүлейменов Қазақстан Комсомолы, Бүкілодақтық Жастар одағының (1966) иегері. Ақынға 1967 жылы Қазақстан Республикасы Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Олжас Сүлейменовті әлем оқырманына танытқан «Адамға табын, жер, енді!» (1961) поэмасы. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагаринге арналған бұл поэма көптеген шетел тілдеріне аударылып, жеке кітап болып бірнеше рет басылып шықты. Ақынның «Арғымақтар», (1961), «Нұрлы түндер» (1963), «Шапағатты шақ», (1964), «Мешін жылы» (1967), «Қыш кітап», «Ақ дария аспаны» (1970), «АзиЯ» (1975) «Көңіл көкжиегі», (1976) «Жалынның шалқуы», «Париж», «Әр күн арайлы таң» (1986), «Асқардағы асу» (1987) өлеңдер мен поэмалар жинақтары, прозалық шығармалары және зерттеу еңбектері басылып шықты.
Қорыта айтқанда, Олжас Сүлейменов-өз шығармашылығында азаматтық әуен, философиялық тереңдік, көркемдік ерекшелік, ұлттық таным-түсінік арқылы қазақ поэзиясының бүкіл әлемдік деңгейге көтерген ақын.

Сара 13.05.2011 10:34 Мұны онсызда энциклопедиядан-ақ жазып алуға болады ғой, неге басқалай осы атақты ақын-жазушылардың өмірін толық, тартымды етіп жазуға болмай ма? Қазақша құрдымға түсіп отырамыз. Орысша іздестірсең деректер толып тұразы, ал қазақшаға келгенде ақсап, не жазарыңды білмей отырғаның. Қазақша көбірек сайттар ашып, қазақ балаларының қазақ тілінде жұмыс жасауына көмек көрсететіндер табылса екен...
|