Menu
Шоқан Уәлиханұлы
Шоқан Уәлиханұлы – қазақтан шыққан ең бірінші ғалым,саяхатшы,зерттеуші.Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған.”Шоқан” деген ат - әке-шешесінің еркелетіп қойған аты.Ақылды ,парасатты Шоқан әжесінің бауырында өсті.Ол ерте хат таныды.Кітап оқуды өте жақсы көрді.
    Шоқан Уәлиханов 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті.2 – 3 жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды.мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым деп атаған.
    Шоқан Уәлиханұлы- Семей,Аягөз,Қапал,Алакөл,Тарбағатай,Қарқаралы,Баянауыл,Көкшетау жерлерінде болып,қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін,тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар жинаған.
      Ыстықкөл аймағында болып ,қырғыз,ұйғыр,дұнған,қытай халықтарының тарихын,өмірін зерттеген.Қырғыз халқының асыл мұрасы “Манас”жырын алғаш рет хатқа түсірген.
  1857 жылы Шоқан 22 жасында Орыс география қоғамына мүше болды.Үлкен ғалым атанды. Шоқан туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін армандады. Шығыс зерттеушісі Е.И. Ковалевский Шоқанды”  қазақ халқының ең жақсы досы әрі орыстың мемлекет мүддесін қадір тұтушы”-,деп атаған.
Потанин Шоқанды “шығыстың құйрықты жұлдызы” деген.
20.10.2009 20:36 Қазақ тілі Puma 6223 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход