Menu
Табыс қайдан келеді?
Еңбекте табысты бол – дегенді жиі естиміз. Бірақ біз осы «табыс» дегеннің қандай ұғым екенің, не екенің ойланып көрдік пе? Еңбектің де түрі көп, табыс табу, табыс жасауды әркім әрқалай түсінеді. Сіз уақытыңызды, жұмыс күнін жоспарладыңыз. Жоспарлы жұмыс табыс әкелу керек пе? Бірақ әрқашан солай ма?
Табысқа кабілеттілер, еңбекқорлар ғана жетеді. Табыс табу, пайда табу – ол да үлкен өнер, үлкен еңбек. Себебі табыс жасау халықтың тұрмыс-дәрежесін көтереді.
Әрбір өнеркәсіптің қарапайым жұмысшысынан бастап, директорына дейін өздерінің еңбектерінің табыс әкелуін ойлау керек. Табыс көбейген сайын өнеркәсіптің жағдайы жақсарады, жалақы көбейеді, тұрмыс көтеріледі.
Ал енді табыс қандай тәсілмен, қандай жолмен келеді? Табыс оңайлықпен келмейді. Кез-келген өндіруші еңбектегенде, біріншіден, пайдалы өнім шығаруды ойлайды, екіншіден, табыс әкелуді ойлайды.
Адамзат қоғамында ең алғаш рет өнім шығара бастағандаадам үшін ең қажетті – тамақ, киім, халык тұтынатынтауарларды шығарады. Біртіндеп ол кәсіпорындарды ұстапп тұру үшін артық өнімдер, керекті өнімдер шығара отырып, пайдасын, табысын ұмытпауы қажет.
Әр өнім бағасы неден тұрады, оны ескерсек, ол бағада өнім үшін кеткен шығындар, жалақы, қосымша табыс бар. Егер өндірісте табыс болмаса, мемлекет қалай көтеріледі. Өнімді шығаруға кеткен шығындар табыс әкелмейді, табысты еңбек әкеледі. Табыс тек өндірісте болады.
Ал өндіріс берген өнімді сату үшін сатушылар шығады. Сатушыға да пайда керек. Өндіруші сатушы үшін де табысының кішкене бөлшегін бөледі. Өндіруші өзінің тауарын өткендігін ойлайды. Ал сатушы рынокты зерттей отырып, қай өнім өтімді соны алады.
Кейбір өнеркәсіптерде үзіліс болмайды. Өндірісті көтеруге, тоқтатпауға үнемі қаржы керек. Өндіруші банкке келеді. Банк те табысы молөнеркәсіпті, өндірушіні қалайды. Себебі табысы бар кәсіпкер алған кредитін мезгілінде қайтара алады. Банк те, сатушы да өндірушілер үшін қызмет етеді.
Тағы да қайталап айтсақ, табыс тек өндірісте болады. Сондықтан мемлекеттің жағдайы жақсы болу үшін, мемлекет өндірісті ойлауы керек, оған көмектесіп, көтерілуін  қамтамасыз етуі қажет.
Әр адам жұмысында табысын, жалақысын, жеке банк болса, ол да табысын ойлайды.
Ал әр кесіпкердің, өндірушінің мақсаты мемлекет мақсатымен бірге, тұтастыққа болуы керек.
Сонымен, әр өндіруші мемлекетті ойлауы керек. Өндіруші мемлекетке сүйенеді, әр мемлекет өз азаматын қорғай білуі керек. Мемлекет дамыған болса, ол елде әрқашан тыныштық болады. Тыныштық болған жерде, жоғары деңгейдегі мемлекеттік реттеуші болған жерде өндіруші ештеңе жоғалтпайды.
Өндіруші өндірісті ашқанда, шығынын санайды, екіншіден, салықты санайды,  үшіншіден, өндірісті адам үшін коғам үшн ашады. Өндірісті көтеру үшін – мемлекеттік салық жоғары болмаса, өндірісті ашуға, дамытуға берілген қаржаның проценті төмен болуы және ұзақ мерзімді болуы – бәрі де өндірісті дамытуға мүмкіндік береді.
Ал таза табыс молырақ болуы үшін өнім шығарушы қай тауар сұраныс жоғары соны зерттеуі қажет, сонымен бірге ол тауардың сапасы жоғары болуы тиіс. Мұндай өте сапалы тауар басқа жерде жоқ болса, сіз саудаласпай-ақ соны аласыз. Сонда ғана өндіруші табысты болады.
Шетелдік жер байлығын басқа елге тасымайды, тек кана кепілдекке береді. Себебі қиын күндерде ол байлық өз елі үшін жұмсалады.
Табыс – келешек үшін керек. Табысты тапқанда сіз бөлесіз: бір бөлшегін өндірісті дамытуға, екінші бөлшегін қайырымдылыққа, бір бөлшегін келешекке, бір бөлшегін өзіңіздің қажетіңізге.      
Қайырымдылыққа бергеніз – ол да мақсатыңыз үшін бергенім деп есептеңіз. Себебі мемлекетте нашар тұрмыстылар азайған сайын, мемлекет экономикасы жойылған сайын, ол мемлекетте қылмыс, жамандық, ұрлық азаяды. Өндіруші тыныштықпен өнімін өндіре береді.

20.10.2009 21:09 Қазақ тілі Puma 7435 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход