Menu
Туған өлке. Жайлау
Жыл он екі ай — көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымда үш ай, яғни 90 күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстаудеп атаған.
Ертеректе біздің ауыл наурыз, көкек (сәуір), мамыр айларьшда қыстаудан коктеуге көшіп қонып, мал төддететін. Содан соң жайлауға көшіп баратын. Онда маусым, шілде, тамыз айларын өткізетін. Осы күнгі малшылар да сейтеді.
Жайлау — қыстаудың алыс жатқан даладағы қоныс. Жайлауды шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі түнық, салқын ауалы жерден таңцайды. Онда жылдың үш маусымында ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады.
Жазға қарай жайлаудың шөбі жақсы өседі. Ол кезде жер беті кілем сияқты қүлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойып, семіреді. Ддамдар да сергиді. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Мұндай атақты жайлаулар Қазақстанда ете коп. Олар — Қарқара, Шалкөде, Сырт, ЦІұбартал, Асы т.б.
Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы Жібек жолы" еткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, кебелек қуады, суға шомылады. Бірақ бүл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп қонады. Қар түскен соң қыстауға көшеді.

20.10.2009 20:56 Қазақ тілі Puma 12053 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход