Menu
Қадыр Мырзалеев
Қадыр Мырзалеев (1935 жылы туған) қазақ поэзиясын ерекше  бір ойшылдылық пен танытқан ақын. Қадыр Мырзалеев 1935 жылы қаңтар айының бесінші жұлдызында  Батыс Қазақстан облысының  Сырым (бұрынғы Жампиты)  ауданында дүниеге келген.  Қазақ мемлекеттік университетінің  филология факультетін 1958 жылы бітірген.  Әдеби шығармашылықпен  ерте айналысып,  түрлі басылымдар мен  баспа орындарында  қызмет атқарған. «Балдырған» журналында  (1958-1962) әдеби қызметкер,  «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы,  бас редактордың орынбасары (1962-1967), «Жазушы» баспасында  қазақ поэзиясы  бөлімінің меңгерушісі  (1968-1973), Қазақстан жазушылары  одағының кеңесшісі болды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1966), Қазақстан Республикасы  Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының (1980), Монғол елінің  «Дарын» атты халықаралық әдеби сыйлығының (1903), Республиканың тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының (2004) иегері.
Қадыр Мырзалеев шығармашылық жолының алғашқы кезінде балалар ақыны ретінде танылды.  Оның «Көктем» (1959), «Жаңғалақтар» (1960), Ал, палуан (1963), «Сабақ» (1964), «Шымыр жаңғақ» (1984) атты шағын кітаптары балаларға арналған кітаптардан тұрады. Ақынның «Ой арманы» (1966), «Домбыра» (1976), «Заман-ай» (1997), «Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001ж), «Көкейкесті» (2003) т.б. жинақтары жарық көрді.  2001 жылы ақынның 12 томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Ол жинақтарында қазақ табиғатын «Дала дидары», «Көш», «Жерұйық», «Көкпар», Домбыра», «Қорамсақ» т.б. арқылы танытқан.
 Шықшы тауға, қарашы кең далаңа
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсын ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы  жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сен де тудым, сен де өстім мен, сен де өлсем,-
Арманым жоқ бұл дүниеде,-дер едім;
Мен де өзіндей байтақ едім, кең едім;
Қызығыңды көріп еркін келемін,
Сен де аямай  бердің маған барыңды,
Мен де аямай бардым саған беремін.
 Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым сен, аңсаған;
Жақын жүрсем, мен төріңде рахаттың,
Алтын діңгек өзім туған босағам!

20.10.2009 20:16 Қазақ тілі Puma 2931 1
Neznakomka=)   02.06.2011 23:21
Жампиты емес!! ЖЫМПИТЫ!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход