Menu
Жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары туралы.
"Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.
Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және "Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "Жеті қабат жер астында" сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал - мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты.
Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: "Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", " Тоғыз әйелдің толғағы бір күні келіпті", "Тоғыз жолдың торабы", "Тоғыз қабат торқа қию","бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздері тегін шықпаған болу керек.
Он екі саны да - халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осындағы он екі жылды бір мүшел, қауіпті жас деп, оны адамдар атап өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты "он екі мүшең сау болсын", "он екіде бір нұсқасы жоқ", "он екі баулы өзбек" деген сөздер де айтылады.
Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны - қырық. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда "Қырықынан шығару" деген ырымы бар. Өлген адамның "Қырқын беру" дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты "Қырықтың  бірі - қыдыр" деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар "қырық" сөзімен байланысты.
20.10.2009 19:48 Қазақ тілі Puma 172058 58
Aknur   10.12.2017 21:54
Бауырмалдык туралы макал мател керек отинем unsure
Даулет   21.11.2017 20:52
5 және 4саны туралы жаңылтпаштар отинем
САЯТ   06.12.2016 10:50
Почему нету сандар алеминдеги кызыктар туралы шыгарма жок
noni   04.12.2016 22:40
Жүзден жүйрік - мыңнан тұлпар
Айнур   02.12.2016 22:36
құрамында топтау сан есімі(екіден, бір-бірден...,) бар мақал мәтелдер бар ма? Болса, айтып жибериниздерши
diko   19.10.2016 22:20
қырық туралы мақал мәтелдер керек
прд   29.11.2015 11:17
Алпыстағы атаңды жыққанша,

Алтыдағы атанды жық.

Он екі айда он үш той.

Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

Алты бала таппай ана аталмайды,

Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.

Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.

жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

Жеті атасын білген ұл

жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер.

Жігітке жеті өнер де аз.

Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.

Қарғыс жеті атаға жетеді.

Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.

Кедейдің жеті қаңтары бар.

Жетім бала жеті күлшеге тоймас

Жетімге жеті бидай да тамақ,

Жетімнің қарны жетеу

Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.

Айла алтау, ақыл жетеу.

Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.

Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.

Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.

Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.

Тоғыз ат бір қазыққа байланбас,

Тойған үйге тоғыз бар,

Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды,

Тоғыз қатынның толғағы бір келді,

Тоғыз ат бір қазыққа байланбас

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

Бір ит көріп үреді,

Екі ит еріп үреді.

Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.

Елуінде – ер дана,

Елуінде – ел жаңа.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.

Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз руға тарайды.

Мыңның жүзін білгенше,

Бірдің атын біл.

Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.

Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Аларманға алтау аз,

Берерменге бесеу көп.

Екі баланың ортасындағы шал бала болады,

Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.

Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.

Мың қайғы бір борышты өтемейді.

Жақсы кісі қырқында толады,

жаман кісі қырқында солады

Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.

Жүз дімкеске бір лепес.

Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер.

Бірінші әйелді құдай қосады,

екіншісін адам қосады,

үшіншісін сайтан қосады.

Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.

Біреу жаныңа жолдас,

біреу малыңа жолдас

Біреу тойып секіреді,

біреу тоңып секіреді

Ағайын – алтау, ана – біреу.

Аласыға алтау аз,

бересіге бесеу көп.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,

жетеумін деме, сегізге жолығасың.

Шындық – сегіз, бақыт егіз,

Ер- егіз, еңбек- жалғыз,

Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады,

Еңбек пен бақыт – егіз

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады

Қорқаққа қос көрінер,

Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады,

Бір жебемен қос нысана оққа ұшты .
нурай   12.10.2015 22:23
9 саны туралы кайдан табуга болады
нурай   12.10.2015 22:22
оте керемет
Диас   29.09.2015 14:24
тағы мақал-мәтел қайдан табуға болады айтып жібересіздерма?
батырхан   26.02.2014 13:21
батырхан жеті қабат жер астында
Ақтілек   06.02.2014 12:42
Әлі 7 қазына,3 бәйтерек,5 арыс дегендерді интернетотен қалай іздеуге болады?Өтініш айтыңыздаршы !!
Ақтілек   06.02.2014 12:39
өте керемет !!
дария   04.12.2013 22:56
хорошие очень крутые норм
Нурлыхан   25.11.2013 23:55
Мақал-мәтелдер

Есепсіз дүние жоқ.

Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.

Мың қосшыға бір басшы.

Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді.

Бір жаман мың қолды ірітер,
Бір құмалақ бір қарын майды шірітер.

Ит төлеуі бір күндік.

Батыр бір оқтық,
Бай бір жұттық.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.

Екі кісі бейім тұрса,
Есті кісі кейін тұрады.

Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.

Жігіт бір сырлы,
Сегіз қырлы болсын.

Бір кісі мың кісіге олжа салар.

Бір кемеге мінгеннің жаны бір.

Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

Бір елі ауызға екі елі қақпақ.

Мыңның түсін танығанша
Бірдің атын біл.

Мың асуға бір тосу.

Бір тәуекел бұзады
Мың қайғының қаласын.
Бір жақсы сөз бітірер,
Мың көңілдің жарасын.

Қонақ бір күн қонса құт,
Екі күн қонса жұт.

Бір адам – самал,
Екі адам – амал,
Үш адам – жамал,
Төрт адам – қамал.

Бір күн дәмін татқанда
Қырық күн сәлем.

Бір аяқ қымыздың
Екі аяқ желі бар.
Бір күндік жолға шықсаң,
Үш күндік жол азық аз.

Бір тал кессең, он тал ек.

Шын – бір сөз,
Өтірік – мың сөз.

Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.

Еріншектің ісі – екі.

Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем түсер.

Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені,
Жігіттің құны жүз жылқы,
Ары — мың жылқы.

Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жерде – соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады.

Екі кісі бір кісінің тәңірісі.

Екі аяқты адам түгел
Төрт аяқты мал да ақсайды.

Екі кеме құйрығын ұстаған суға кетеді.

Екі жарты – бір бүтін.

Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады.
Екі жаман қосылса,
Өлгенінше өш болады.

Екі баланың ортасындағы бір шал бала болады,
Екі шалдың ортасындағы бір бала дана болады.

Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас.

Елсізде екі түйе айда

Бас екеу болмай мал екеу болмас.

Екі жақсы бас қосса,
Бірін-бірі қия алмас.
Екі жаман бас қосса,
Кең орынға сия алмас.

Төрт аяқтыда бота тату,
Екі аяқтыда бажа тату.

Дос – егіз, дұшпан – сегіз,
Мың досың аз, бір дұшпаның көп.

Ер кезегі үшке дейін.

Ер көрмеймін деген жерін
Үш көреді,
Ат баспаймын деген жерін
Үш басады.

Досыңды үш күн сынама,
Үш жыл сына.

Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсың.

Түйеге мінген қазақ
Төрт ауыз өлең біледі.

Ер қаруы – бес қару.

Бесік баласы бес түлейді.

Айдағаның бес ешкі
Ысқырғаның жер жарар.

Жақсы әке жаман балаға
Қырық жылдық ризық…

Қырықтың бірі қыдыр.

Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.

Ел құлағы – елу.

Елу жылда ел жаңа,
Жүз жылда қазан жаңа.

Алпыс күн тасыған су
Алты күнде қайтар.

Алпысқа келгенде
Алты ағаң болсын.
Жетпіске келгенде
Жеті інің болсын.
Нурлыхан   25.11.2013 23:55
Сексенде сегіз байлық,
Сегіз жарлылық.
Жүзден біреу шешен,
Мыңнан біреу көсем.

Күйеу – жүз жылдық,
Құда – мың жылды.

Алтау ала болса
Ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса
Төбедегі келеді.

Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара,
Он бес жасқа дейін қосшыңдай сана,
Он бестен асқан соң досыңа бала.

Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.

Алты ұл туған ананы ханым десе болады.

Атадан алтау туса да
Басына бір жалғыздық түсер.

Ағайынды алтау болса
Адам тимейді.

Алты ай баққан арықты
Бір күн ұрған өлтірер.

Айла – алтау,
Ақыл – жетеу.

Тойған үйге тоғыз бар.

Білгенің бір тоғыз
Білмегенің тоқсан тоғыз.

Он екі мүшең сау болса,
Сәулет емей немене?!
Он саусағың сау болса,
Дәулет емей немене?!

Он бесте отау иесі.

Отызыңда орда бұзбасаң,
Қырқыңда қырға шықпассың.

Отыз тістен шыққан сөз
Отыз рулы елге таралар.

Отқа барған әйелдің
Отыз ауыз сөзі бар.

Отыз күн оразаның
Бір айты бар.
Әр қылған жақсылықтың
Бір қайты бар.

Ұлға отыз, қызға қырық үйден тию.

Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал алдынан шығар.

Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін шал ерке.

Жетімнің қарны жетеу.

Жеті рет өлше,
Бір рет кес.

Жігітке жеті өнер де аз,
Жетпіс өнер көп емес.

Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім ал.

Жеті атасын білмеген
Жетімдіктің салдары.

Жұт жеті ағайынды.

Жетіскен жеті шапан киеді.

Семіздің аяғы сегіз
айко   24.11.2013 22:02
неге сан есімге арналган жумбак жанылтпаш жок
мариям   19.02.2013 15:27
кімменісүиет
АкБотА   17.11.2012 20:46
Жеті атасын білмеген жетесиз
Ит жеті қазынаның бірі
Өтірік екеу шын төртеу
аля   03.10.2012 20:16
ей мне тоже нужно
nurhat амангалиев   02.04.2012 23:55
найдите быстро я уже один нашол
Диана   16.03.2012 23:51
Достар сандар туралы мақал мәтелдерді қайдан алуға болады???
Арука   19.02.2012 13:47
математикага байланысты ким макал -мател билед айтындаршы))
Арайлым!   24.01.2012 22:15
Кыздар маган комектесіндерші, сан туралы макал айтындаршы!!!
Гулмарал   25.12.2011 22:33
"Жетiге келгенше жерден таяк жерсiн" дейдi дана казак...
113   25.11.2011 17:17
жеті саны туралы мақал к
меруерт   20.11.2011 18:51
балалар сандар туралы мақалды қайдан таптындар! пожалуйсто айтындаршы!
меруерт   20.11.2011 18:48
балалар қайдан сандар туралы мақал мәтел таптындар
Эльназ   16.11.2011 14:03
маган быреу болсын мәтел тауыпберындерші
Наргиза   16.11.2011 00:08
тапсандар маган да аитындаршы ертен таги кирем
1-30 31-58
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход