Menu
Желілік операциялық жүйені қондыру
Мақсаты: 1. WINDOWS NT SERVER ортасын қондыруды үйрену
2. WINDOWS NT SERVER ортасын қондыру кезінде параметрлерін анықтау және көрсетуді үйрену

Жалпы мағлұмат

Желілік ОЖ бағдарламалық жабдығы екі негізгі компоненттен тұрады: клиенттің БЖ және сервер.
Сервер арқылы желі администраторы қолданушы мен желіні басқарады. Оның мүмкіндігі:
• Желі қолданушы тізіміне жаңа қолданушыларды қосу;
• Желінің жеке қолданушыларына мүмкіндіктер беру және оларды алып тастау;
• Қолданушы тізімінен белгілі бір қолданушыларды өшіру.

WINDOWS NT SERVER – ді қондыру

Қондыру бағдарламасы – бұл желілік ОЖ қондыру жұмысын орындайтын қосымша. Қондыру кезінде ол келесі мәліметтерді сұратады:
• Желі сегментінің атауы (мысалы, домен аты немесе жұмысшы топ атауы);
• Сервер атауы
WINDOWS NT SERVER қондыру кезінде желілік адаптер платасын және протокол тізімінен протокол, мысалы TCP/IP протоклын таңдау қажет.
WINDOWS NT үшін TCP/IP протоколы стандартты болып келеді, оны қогдыру үшін үш параметрлер қажет:
IP – адрес – екі бөліктен тұратын: желі идентификаторы және ID хост 32-биттік логикалық адрес. TCP/IP протоколы қондырылған әрбір компьютер ерекше ІР-адрестен тұруы қажет.
Қосымша желі маскасы (subnet mask) ІР-адрестің бөлігін белгілеу үшін қолданылады.
Шлюз – ІРпакеттерді өшірілген желіге жіберу үшін қолданылады. Егер ол көрсетілмесе, онда жергілікті желімен байланысы шектеулі болаып табылады.

Тапсырма -1
WINDOWS NT SERVER файлының көшірмесін алыңыз
1. Activity бағдарламасы тобында lab15 ашыңыз;
2. Start Setup Lab басыңыз, Welcome to Setup терезесі ашылады;
3. Enter басыңыз. Қондырудың екі нұсқасын көрсететін экран ашылады.
4. Жылдам қондыру үшін Enter басыңыз.
5. Enter . дискі сұрататын экран пайда болады.
6. Enter. Adaptec фирмасының қатты дискісін тапқаны туралы экранға шығарады.
7. Enter. Windows NT бағдарламасы компакт-дискіден немесе иілгіш дискіден қондырылуы мүмкін деген терезе пайда болады.
8. Enter. Бағдарлама бөлімнің типі мен өлшемін беруге мүмкіндік береді.
9. Enter. Файлдық жүйе типін таңдайтын экран шығады.
10. Enter. Қондыруды жүзеге асыратын жолды таңдау мүмкіндігі бар терезе.
Enter.қондыру бағдарламасы сіздің жүйеңізде қаншалықты бос орын бар екенін анықтап, кейін қондырады. Бағдарлама қондырылуы дұрыс орындалды деген хаттама шығатын терезе ашылады.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Венцель Е.С. Теория вероятностей. - М.: Наука, 1964.
2. Моделирование случайных величин: Метод. указ. к лабораторной работе №1
/Сост.: Д.А. Иванников, С.М. Кашаев, Л.В. Шерстнева; НГТУ. Н.Новгород, 2001.
3. Моделирование случайных процессов: Метод. указ. к лабораторной работе №2
/Сост.: Д.А. Иванников, С.М. Кашаев, Л.В. Шерстнева; НГТУ. Н.Новгород, 2001.
4. Полов К.П. Функциональное моделирование радиотехнических устройств и систем на ЦВМ: Учеб. пособие / Горьков.политехн.ин-т. Горький, 1989.
5. Полляк Ю.Г. Вероятностное моделирование на электронных вычислительных машинах. - М.: Сов. радио, 1971.

09.04.2010 16:05 Информатика Артем 2437 8843 1
Гибрат   09.03.2011 08:48
танысайык кыздар giba_18.91@mail.ru
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход