Menu
Жергілікті желіге қосылу. Желілік картаны қондыру және оны түзету.
Мақсаты: жергілікті желінің түрін және классификациясын білу тиіс, берілгенді жіберудің физикалық ортасы, желілік интерфейске тиісті түзету және оны қондыруды үйрену.
Қондырғылар: IBM-PC компьютері, желілік карта.
Бағдарламалық жабдықтау: MS Windows'9__, Outlook Express пошталық клиенті.
Базалық мағлұмат:
Компьютерді жергілікті есептеуіш желіге қосу үшін келесілер қажет болып табылады:
• Желілік картаны қондыру, ол үшін: есептеу жүйесін өшіру және залалсыздандыру, жүйелік блоктің қорғалған сыртқы қабатын ашу қажет және желілік картаны слотқа, яғни интерфейсіне орналастыру керек.
• Желілік картаға кабельді жалғау қажет. Кабельдің екінші шетінің концентраторға (виттік жұп) немесе желік кабельге (коаксальды кабель) жалғандығын қарау.
• Желілік картаның драйверін қондыру.
• Желілік протоколды қондыру және оның түзетулерін келтіру.
Орындалу реті:
Желілік картаны қондыру (шартты түрде)
Желілік картаны қондыру, ол үшін: есептеу жүйесін өшіру және залалсыздандыру, жүйелік блоктің қорғалған сыртқы қабатын ашу қажет және желілік картаны слотқа, яғни интерфейсіне орналастыру.
Жұмысты орындауға дайындау
1. Егер есептеу жүйесінің мониторының жүйелік блоктан тыс қоректену блогі болса, мониторды өшіріңіз.
2. Жүйелік блоктың өшіріп қосқышынан компьютер жүйесін қосыңыз.
3. Пороль туралы сұраныс пайда болған жағдайда клавиатурадан Esc пернесін шертіңіз.
4. Желілік картаның драйверін қондыру.
5. Есептер тақтасынан Іске қосу командасын таңдаңыз. Настройка -> Панель Управления пунктін таңдаңыз.
6. Желі объектісін таңдаңыз. Пайда болған терезеден Конфигурация мәзірінен Добавить командасын таңдаңыз.
7. қондырылатын компонент типін таңдаңыз: желілік карта. Добавить батырмасын шертіңіз.
8. Дайындаушылар терезесіндегі сәйкестендірілген пункттен келесілерді таңдаңыз: желілік тдрайверлерді анықтау және желілік платалар: Ndis2 драйвері. OK батырмасын шертіңіз.
9. Пайда болған терезеден келесіні таңдаңыз: Жүйеде келесі компоненттер қондырылған, Ndis2 драйвері және оған сәйкестендірілген протоколдар.
10. Жүйені қайта өшіріп қосыңыз (перезагрузите систему).
11. Желілік картаны өшіру.
12. Есептер тақтасындағы Іске қосу батырмасын басыңыз. Настройка -> Панель Управления пунктін таңдаңыз.
13. Сеть объектісін ашыңыз. Пайда болған терезеде:
• Конфигурация терезесіндегі сәйкестендірілген пункттен келесілерді таңдаңыз: желілік тдрайверлерді анықтау және желілік платалар: Ndis2 драйвері, Өшіру пунктін таңдаңыз. Содан кейін OK батырмасын шертіңіз.
14. Терезедегі жоғалтуды таңдайсыз, жүйеде келесі компоненттер қондырылғанын көресіз: Ndis2 драйвері және оған сәйкестендірілген протоколдар.
15. Жүйені өшіріп қосыңыз (перезагрузите систему).
16. Жұмысты аяқтау
17. Операциялық жүйенің жұмысын аяқтағанын көргеннен кейін оқытушының көмегімен компьютердің жұмысының аяқтағанына көз жеткізуіңіз керек.
Қорғауға арналған сұрақтар:
1. Желілік картаны қондыру және оның түзетулерін енгізу реті.
2. BNC-коннектор, UTP, RG-58, RJ-15, 10Base-T дегеніміз не?
3. Жергілікті желі. Желінің іс-әрекетік классификациясы.
4. Желі топологиясы. Ақпаратты жіберудің физическалық ортасы.
5. OSI моделінің қай деңгейіне сәйкес келеді: желілік картаны қондыру және оны жергілікті желіге қосу, желілік картаның драйвері.
09.04.2010 15:59 Информатика Артем 1967 9194 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход