Menu
Жергілікті желіге қосылу: желілік протоколдарды құрастыру
Мақсаты: жергілікті желілердің түрлері мен классификацияларын, мәліметтерді жіберудің физикалық ортасын білу және желілік интерфейсті құрастыру мен қондыруды үйрену
Құрылғылар: IBM-PC дербес компьютер, желілік карта.
Бағдарламалық жабдық: MS Windows операциялық жүйесі
Базалық мәліметтер:
Желілік интерфейсті құрастырудың бірінші кезеңі желілік картаны қондыру мен құрастыру болып табылады.
Желілік картаның драйверін қондырғаннан соң берілген интерфейсте қолданылатын желілік протоколдарды құрастыру қажет.
Протоколдарды құрастырған соң желідегі жүйе жұмысы тексеріледі, физикалық және каналдық деңгейдегі байланысты тексеру үшін ping, тасымалдау жұмысын тексеретін tracert бұйрықтарынан бастап, қолданбалы деңгейдегі қосымшалардың (электрондық пошта, веб-браузер) жұмысынан аяқталады.
Орынддалу реті:
Жұмысты орындауға дайындық
1. Негізгі нұсқауларды оқыңыз, түсініксіз сәттерді анықтаңыз.
2. Егер есептеу жүйесінің мониторында, жүйелік блоктан тыс, қоректену блогы болса, онда мониторды қосыңыз.
3. Жүйелік блоктың ажыратқышымен компьютерлік жүйені қосыңыз.
4. Құпия сөзді сұрайтын сұрақ туындаған кезде Esc батырмасын басыңыз.
5. Протоколды қондыру
6. Іске қосу батырмасын басыңыз. Құрастыру -> Басқару панелі-> Желі бұйрығын орындаңыз.
7. Қосу батырмасын басып, қондыратын компоненттің типін таңдаңыз: Протокол. Қосу: батырмасын басыңыз.
8. Дайындаушылар терезесінен сәйкес нұсқаларды таңдаңыз: Microsoft және Желілік протоколдар: IPX/SPX-сәйкес протокол. OK батырмасын басыңыз.
9. OK батырмасын шертіңіз.
10. Драйверді қондыру үшін жүйені қайта жүктеңіз (шартты).
11. Протоколдарды өшіру
12. Іске қосу пунктін таңдаңыз. Құрастыру-> Басқару панелі бұйрығын орындаңыз.
13. Желі объектісін ашыңыз. Конфигурация жапсырмасынан IPX/SPX-сәйкесінше протокол компонентін таңдаңыз. Өшіру батырмасын шертіңіз.
14. Драйверді қондыру үшін жүйені қайта жүктеңіз (шартты).
15. TCP/IP желілік протоколын қондыру
16. TCP/IP компонентін таңдаңыз. Қасиеттер батырмасын басып, ашылған терезеден:
• Адрес IP жапсырмасынан IP-адрес және желіасты маска параметрлерінің қасиетін алып тастаңыз.
• Шлюз жапсырмасынан Қондырылған шлюздер параметрлерінің қасиетін алып тастаңыз.
• Конфигурация жапсырмасынан Компьютер аты, Домен, DNS серверлерді қарау реті параметрлерінің қасиетін алып тастаңыз.
• OK батырмасын басыңыз.
Протоколдарды құрастыруды тексеру
17. Компьютерді қайта жүктегеннен кейін ping IP-адрес бұйрығының көмегімен желілік интерфейстің жұмысын және ping домен аты бұйрығы көмегімен DNS серверінің жұмысын тексеріңіз (оқытушыдан алыңыз):
IP-адрес Домендік ат Мағынасы



Маршрутиация жұмысын tracert бұйрығы көмегімен тексеріңіз:
tracert IP-адрес
tracert домендік ат.
Желі жұмысын тексеру үшін адрестер мен домендік аттар (оқытушыдан алыңыз).
18. Кестені толтырыңыз:
N
Атауы Мағынасы
1. Желілік плата
2. Қолданылатын протоколдар
3. IP-адрес
4. Желі маскасы
5. Компьютердің домендік атауы
6. DNS-серверлері
7. Шлюз

Жұмыстың аяқталуы
14. Операциялық жүйенің жұмысын аяқтағанын көргеннен кейін оқытушының көмегімен компьютердің жұмысының аяқтағанына көз жеткізуіңіз керек.
Қорғалуға қатысты сұрақтар:
1. TCP/IP протоколдарының стектік түзетулер реті.
2. IP-адрес, желі маскасы, домендік атау, DNS-сервер, шлюз деген не?
3. Есептеу жүйесіне рұқсаттың бар екендігін қалай анықтауға болады?

09.04.2010 18:18 Информатика Артем 2555 8303 2
aik   30.03.2011 14:39
kakie modem liwuei skazjute pojaluista biggrin
Надира   30.11.2010 00:48
DNS адресі
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход