Menu
Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын» қабылдаған болатын. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.

Декларация мәтінінен орын алған адам құқықтарын сипатына қарай үш топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа адамдардың табиғи және айырғысыз құқықтары жатады. Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болу құқықтары осының мысалдары. Әр адам туылғаннан пешенесіне жазылған, қасиетті және қастерлі құқықтарына ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ. Адамды азапқа салуға, оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе оның намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғуға тыйым салынады. Адамның арына, абыройына тиетін әрекеттерге, оның тұрғын орнына басып кіруге, мүлкіне қол сұғуға жол берілмеуі тиіс.

Екінші топқа азаматтыққа байланысы құқықтар мен бостандықтар жатады. Бұлар – адамның азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін таңдап алу, некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы; шерулерге қатысу; мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.

Үшінші топқа – экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар – адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбегіне сай ақы алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу, демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.

Қоғам адамдарды жынысына, тегіне, нанымына, лауазымына, ұлтына, материалдық жағдайына, жасына, өзге де әлеуметтік белгілеріне қарап алаламауы керек. Заң алдында жұрттың бәрі тең.

Адамдар алған білімдері арқылы тек өздеріне ғана емес, қоғамға да пайда келтіреді. Еңбек ету бостандығына ие азаматтар тек өздері үшін ғана емес, қоғам үшін де материалдық және рухани игіліктер жасайды.

12.07.2010 16:34 Қазақ тілі Артем 12081 1
manatik11   28.01.2011 20:44
biggrin тамаша маған өте қатты ұнады,жалпы адам құқықтарына ешкімнің қол сұғуына қақысы жоқ,ол адамды кемсіткені деп түсінем.
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход