Menu
Ахмет Иассауи
Ахмет Иассауи ХІ ғ. екінші жартысында дүниеге келген. 1116 жылы қайтыс болған. Ел аузындағы аңыз бойынша, 125 пен 133 жыл шамасында өмір сүрген. Сопылық ілімнің негізін салушы, ақын, уағызшы. Шағатай тілінде жазған “Хикмет” жыр жинағының авторы.

Ахмет Иассауиге Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының маңындағы Исбижап (Сайрам) қаласында туған. Ахметтің әке-шешесі Исбижап қаласында тұрған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында оның әкесі – Ибрагим мен шешесі Қарашаштың кесенесі сақталған. Жеті жасында әкесінен айырылып, Арыстан Бабтың тәрбиесінде болады. Арыстан Баб қайтыс болған соң оқуын Бұхарада жалғастырады. Бұхарадан оралған соң Иасы шаһарында тұрақтап қалады (қазіргі Түркістан). Мұнда келген соң сопылық бағыттағы исламның уағызшысына айналады. Өзінің маңына дарынды мүридтерді топтастырып, исламның нығаюы үшін жұмыс жүргізеді. Сопылар мұсылман әлемінде өздерін шындықтың жақтаушысымыз деп білді. Жұрт қасиетті деп санаған Ахмет ғұмырының соңына дейін Түркістанда өмір сүрді. Ол туралы халықтың аузында: “Меккеде – Мұхаммед пайғамбар, Түркістанда – Ахмет Иассауи” деп айтылатын сөз бар. 63 жасқа толған соң жер асты қылуетіне түсіп, қалған өмірін құдайға құлшылық етіп, сонда өткізеді. Қазіргі кезде қылует табылып, қалпына келтірілген.

Ахмет Иассауидің өмір сүрген уақыты, тарихи жағдайлар араб Халифаты үшін жақсы кез емес еді: ХІ ғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың басы Халифаттың күш-қуатының әлсіреп, Орта Азияда жеке хандықтар бой көтере бастаған болатын. Иассауи еңбектерінің жазылуы Қарахан қағанатының күшеюімен тұспа-тұс келді. Оның туындылары ірі философиялық ойларымен бүкіл адамзаттың дамуына қызмет етті. Өзінің атақты “Диуани Хикмет” даналық кітабымен адамдарды адалдыққа, әділдікке, төзімділік пен достыққа, адамгершілік қарым-қатынасқа шақырады.

Ахмет Иассауи Орталық Азияда империя құрған Әмір-Темір дүниеге келгеннен көп бұрын көз жұмды. Ахмет Иассауи деген құрмет сезімін арада екі ғасырға жуық уақыт өткен соң еңселі ескерткіш-күмбез орнату арқылы білдірген Әмір-Темір мұсылман жұртының есінде мәңгі қалды. Ортағасырлық шеберлер салған ірі архитектуралық құрылыс-кесене бүгінге дейін көрген адамды таңдай қақтырумен келеді.

Қожа Ахмет Иассауи біздің ұлы даламызға мұсылмандықтың жарық сәулесін шашқан, дініне өте берік, ойшыл қайраткер ретінде халық жадында сақталған.

12.07.2010 16:20 Қазақ тілі Артем 3349 0
Имя *:
Email: