Menu
Астана қаласы
«Бірлік апталығы» жастар фестивалі Астана қаласында 1999 жылдан бері өткізіліп жатыр. Қалалық студенттік іс-шара соңғы жылдары кең көлемде өтуде. Мерекелік апталықтың уақыты да кездейсоқ алынбаған, басталуы да, жабылу күні де атаулы күндерге сәйкес келеді, яғни, 10-қараша Астана жастары Бірлік күнін тойласа, 17-і дүниежүзі студенттерінің күні. Іс-шараны қалалық әкімдіктің қолдауымен Астана қаласының жастар Ассосациясы өткізеді. «Бірлік апталығы» бірнеше айтулы күндерді ұсынады: Бірлік күні, Спорт күні, Шығармашылық күні, Еске алу күні, Мамандықтар күні, Күлкі мен әзіл-оспақ күні, Патриоттар күні, Жастар күні. Аталған күндердің әр қайсысында 5-6 іс-шаралар өткізіледі. Мәселен, «Еске алу күні» «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоғын қояды, мұражайларға барып, ардагерлермен кездеседі. «Қамқорлық» акциясы кезінде студенттер ардагерлер мен зейнеткерлерге көмек көрсетеді. Астана қаласы әкімінің кубогі үшін КТК музыкалық фестивалі, жастар балы, «Бірлік» алауы ұйымдастырылады. Осы бір кішігірім мейрам жастардың көңілінен шығады. Жылдан жылға өткізілетін іс-шаралар көбейіп, белсенді қозғалыстар мен ұйымдар жаңа ойларын алға тартуда. Бастамалар ұйымдастырушы комитеттің жиналыстарында талқыланып, соның қолдауымен іске асады. Фестивальдің басты мақсаты – «Бірлік түбі - тірлік!» ұранымен жастарды тәрбилеу.
12.07.2010 15:10 Қазақ тілі Артем 2749 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход