Menu
Ауылдағы тұрғын үй құрылыс бағдарламасы
«Ауылдық елді мекендерде» елдегі жалпы халықтың 47 пайызы өмір сүріп отыр. Сондықтан да, ауылдықтардың табысы мен өмір сүру деңгейі, сондай-ақ ауылда ұсынылатын қызметтер сапасы қалалық деңгейде болуы шарт. «Ауыл жылы», «100 мектеп, 100 аурухана» секілді бағдарламалар да осы мақсаттарды қамтығаны анық. Дегенмен, бүгінгі күні ауылдық жерлерде әлеуметтік жағдайдың сапасын арттыру және іскерлік белсенділікті көтеру мәселесі әлі де өзекті ретінде сақталып отыр. Ауылда мамандар тапшылығы проблемасы әлі шешімін таппай келеді. Ал жас мамандардың ауылға жұмысқа барудан бас тартуының негізгі себебі - баспананың жоқтығына да байланысты. «Осыған орай ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын» қабылдауы керек. Бұл ретте ауылда жаңа баспаналар салудың бір тетігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиелері негізінде болуы керек. Бүгінгі күні аталмыш банк ауылдық аумақты қамтымағандықтан өзінің мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алмай келеді. Егер жақын аралықта ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысы туралы бағдарлама қабылданбаса, бірқатар проблемалардың орын алатыны түсінікті.
27.09.2014 01:05 Қазақ тілі Артем 1551 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход