Menu
Бакалавриаттағы кредиттік оқыту жүйесі
Бакалавриатқа түсу үшін біртұтас ұлттық тесті сәтті тапсыру керек. Оқу барысы 4 жыл, оқу пәндерінің саны 40- тан кем болмайды. Бакалавриаттың төменгі сатысында оқу 2 жылға созылады. Мұнда студент 68 кредит алуға тиіс. Төменгі сатының аяғында студент мемлекеттік аралық бақылаудан өтуі керек. Одан сәтті өткен студент жоғарғы сатыға көтерледі. Ал өте алмаған жағдайда, оқу орны оған ассоциацияланған дәреже береді де, тиісті үлгідегі сертификат тапсырады.

Бакалавриатта оқуды аяқтаудың міндетті шарты – теориялық оқу бойынша студенттің жинаған кредиті 128- ден кем болмауға тиіс: оның 42- 60- ы міндетті компоненттер, ал 68- 86- сы таңдаған пәндер бойынша. Сонымен бірге міндетті оқуда 68 кредит ағылшын тіліне бөлінеді. Жалпы білім беретін (әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары циклі) пәндер 35-45 кредитті құрайды. Оның ішінде Қазақстан тарихы, әлементтану, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, математика, информатика секілді 7 пән міндетті болып табылады. Дене тәрбиесі пәні қосымша білім беру шеңберінде жүзеге асады да, жалпы кредит көлемінің ішіне кірмейді. Қосымша жаратылыс пәндерінің элективті пәндерін студент мамандығына қарай өз еркімен таңдайды. Тәжірбиенің барлық түрі және оқытудың басқа да формалары қосымша білім беру бағдарламасы шеңберінде қарастырылып, жалпы кредит ауқымына енгізілмейді. Бір семестр ішінде күндізгі оқу бөлімінің әрбір студенті 12- 18 кредит жинауы керек.

Міндетті және ерікті түрде таңдалатын компонентер бойынша, тиісті мөлшердегі несиені жинап, мемлекеттің стандарт талаптарын орындаған студент бакалавриатта диплом жұмысын қорғап, емтихан тапсыру түрінде өтетін мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Диплом жұмысын жазуға 2-4 кредит бөлінеді.

Студентке жоғары кәсіби білім құжатын (диплом) тапсыру және бакалавр академиялық дәрежесін беру туралы мәселе мемлекеттік қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша шешіледі. Барлық емтихандарды “А”, “А-”, “В+”, “В”және “В-” бағаларына тапсырған, қорытындысында өту балын 3,25- тен кем жинамаған, сондай- ақ дипломдық жұмысын “А”, “А-” бағасына қорғаған немесе осындай бағаға мемлекеттік емтихан тапсырған студентке үздік диплом беріледі.

12.07.2010 16:32 Қазақ тілі Артем 3054 1
Ондасын   01.12.2010 19:58
Болады окуга
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход