Menu
Білімдіден шыққан сөз
• Қазақтар тез – тез сөйлейді, сөздері ағыл –тегіл айтылады. Тамаша халық. Олардың мінезі жұмсақ, жүректері кең, көңілдері ақ жарқын. Тыныштықты сүйеді.

Д.Иванов

***

• Өздерінің туыстас түріктес елдерімен салыстырғанда қазақтар сөзге шешендіктерімен ерекше көзге түседі. Олардың шешендіктеріне шынында да таң қалмасқа болмайды, қазақтар сөйлегенде ешбір мүдірмеиді күрмелмей есіп жүре береді. Ойларын дәл, айқын етіп бере білумен қатар сөз, сөйлемдерін белгілі бір дәрежеде әдемілікке безейді, әңгімелесіп отырғанның өзінде жай сөйдемінде, не жайылма сөйлемінде болсын ырғақ анық байқалып және жиі кездеседі. Өлең шумақтарында ғана ұшырайтын сөйлем түрлері жай сөздердің өзінде іркес – тіркес келіп жатады да тыңдаушыға өлең тәрізді әсер береді.

В.Радлов

***

• Қазақтардың арасында ақындық өнер өте жоғары дамыған, ақын деген сақараға сыймайды.

Г.Потанин

***

• Қазақтардың тілі – түрік және түркі тілдерінің ішінде өзінің айрықша бейнелілігімен, әдемілігімен көзге түседі. Қазақтар өзінің халық ауыз әдебиетімен, тамаша фольклорымен қай кезде де зор атаққа ие боп келді және бола бермек.

С.Е.Малов

***

• Рухани жағынан алғанда қазақтар бойына үлкен қабілет дарыған халықтардың қатарына жатады. Олардың әдебиеті байлығымен де, мазмұндылығымен де ерекше көзге түседі.

Д.Клеменц

***

• Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.

А.Брем

***

• Қазақ халқы үшін сөз өнерінен бағалы да мәнді ештеңе жоқ.

Р.Пфеннинг

***

• Кез келген адам өлең шығарады, әрбір қазақ суырып салма ақын, оқиғаны өзінше суреттейді, көзіне көрінген заттарға байланысты өз ойын, пікірін, сезімін білдіреді.

А.Левшин

***

• Мен алғаш рет ақындарды тыңдауға мүикіндік алдым, бұлар қазақ трубадурлары, даланың бардтары – ұлы ақындары. Олардың өлең шығару мен қазақтардың көбіне тән орындау дарыны осы халықтың ақыл ой қабілетін тамаша дәлелдейді.

А.Янушкевич

12.07.2010 16:01 Қазақ тілі Артем 2915 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход