Menu
ИСЛАМ - ҒЫЛЫМТАНУ КАТАЛИЗАТОРЫ
Білім, ғылымның ғажайып шылбырының жол бойында үзіліп қалмай, ұрпақтан ұрпаққа ұласа беруінің қамын жеді.

Ол өз тұсындағы білімге тойымсыздық, білдіргендерді де қасиетті Хадистерімен желеп-жебеген. Олар турасында: "Алланың жаратқан пенделерінің ішінде көмек, ақыл-кеңес сұрауға бейім тұратын құлдар да бар. Бұл адамдар Алланың қаһарынан тыс", - деп, ең төменгі дәрежедегі біреу-міреу саналатын болса да, білімге ұмтылушыларды рухани қолдап бағады. Осы мүддені мынадай Хадистерімен шыңдай түседі: "Дүниедегі жаратылыстың барлығы білімді игерген адамның күнәсін кешіруді тілейді", "Менің алдымда білім жалбарынудан биік тұрады", "Білім туралы айтушылардың емес, біліміне сай әрекет жасайтындардың сапында бол".

"О Қүдай! Мені пайдасыз білімнен арылта гөр!", "О Алла! Менің бойыма білім құйып көмектес!", "Алла тағаладан пайдалы білім сұраңдар, пайдасыз білімнен аулақ қылуын тілеңдер!", - деп талап қояды.

Хадистерде барлығынан да ғылым, білімді шырқау биікке көтеріп қояды. "Бір сағат ішінде білім игеру бір түнді жалбарынумен ұйқысыз өткізгеннен артық. Бір күн бойы білім үйрену үш ай ораза тұтқаннан жақсырақ", "Білім үйрену инабаттан да артық және ол - діннің де тірегі". Білімнің өзін діннің тірегі, діңгегі санап отырған.

"Сендерге бір Хадисті айтайын, оны әрдайым естеріңде сақтаңдар. Дүние мынадай төрт топтағы адамдар үшін жасалған:

Әркімге Алла байлық пен ғылым сыйласа, ол сол байлықты тек өзіне ғана пайдаланбай, туыс-туғандарына да қарасып тұрса, ғылым-білім арқылы ақысын ада етіп отырса, мәртебеліліктің ең абзалы - осы.

Әлдекімге тек ғылым беріліп, дәулет сыйланбаған болса: "Егер менде дәулет болса өзгелер сияқты игілікті іс істер едім", - деп адал ниетімен айтса, ол сол ниеті үшін жомарт байдың сауабындай сауапқа ие болады.

Егер кімде-кімге мол дүние бітіп, ғылым сыйланбаған болса, мәртебесіздік, инабатсыздық сол болып табылады.

Кімде-кім ғылым мен мол дүниесі болса да: "Малы ғылымым болғанда ғой, өзгелер сияқты жақсы іс істеп, қайырым жасар едім", - деп шын ниетімен айтса, сауап болады".

Хадистерді екі жікке бөлуге болатын секілді. Бірі - жұртшылықты білім, танымға үндеу, екіншісі - білімдарлардың, яғни оқымыстылардың мінез-құлқының қандай болуы тиіс екенін айқындау.

"Ғылымның өлгені - есте сақталмағандығы". "Өзімнен кейінгі қалатын үмбеттерім үшін үш нәрседен қорқамын: нәпсіге беріліп, тура жолдан таю: өзін-өзі жақсы көрушілікке, сезімқұмарлыққа беріліп кету, ғылымға білімге ие бола тұрып, білімсіздің ісімен айналысу", - деген пікірлері әлі күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.

Жалпы Хадистердің саны қанша екені күні бүгінге дейін беймәлім. Онда сабақ боларлық мынандайлары бар: "Адамның мәртебесі білім дәрежесіне қарай бағаланады", "Мұсылманның еркегі де, әйелі де білім алуы тиіс", "Ғибадаттың ең абзалы - білім алу", "Адам өледі, ал ғалым адам - мәңгілік", "Ғұламаның өлімі - ғаламның өлімі", "Білім алу жолында қаза тапқан адам шәйт болады", "Надан адамның ғибадатынан ғалымның ұйқысы артық", "Бесіктен қабірге дейін білім ал т.с.с.

"Ілімге кәдімгі шопан сияқты күзетші, қорғаушы болыңдар, бірақ ілім туралы тек құр әңгімелеуші болмаңдар" және "Елге жақсы насихат айтып, бірақ оны өзі орындамайтын ғалым - кәдімгі жан-жағына жарық шұғыла шашып, бірақ өзін күйдіріп тұрған шамшыраққа ұқсас".

Мұндай аталы сөздер исламның ғылымтану жолындағы кедергі емес қозғаушы күш екенін көрсетсе керек.

А.Ф.Мархабаев

Ғылым көкжиегінде

12.07.2010 16:13 Қазақ тілі Артем 2156 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход