Menu
Хайуанатхан
Алматы хайуанатханасы 1937 жылы құрылды. Алғашқы экспонаттар Москва, Ленинград хайуанатханасынан, Аскания-Нова қорынан әкелінді. Бастама көтеруші және ұйымдастырушы М.В.Назаров. Негізгі міндеттері: жер жүзі жануарлар дүниесінің сирек түрлерін жинау және көрсету, жануарлардың шығу тегі жөнінен халықтың ғылыми көзқарасын қалыптастыру, табиғатты қорғау, жануарлардың сирек және жойылып бара жатқан түрлерін көбейту идеяларын кеңінен насихаттау.

Қызыл кітапқа енгізілген сирек жануарлардан - қытай аллигаторы, гавиал крокодилі, тарғыл питон, қырғауыл, шағала, бұйра бірқазан, парма кенгуруі, амур, суматра және бенгал жолбарыстары, барыс, арыстан, қара қабылан, ақ аю, морж, шимпанзе, теңбіл бұғы, үнді пілі, қара керік кездеседі.

Алматы хайуанаттар паркі жағдайында қырғауыл, тотылар, саңқылдақ аққу, сұр қаз т.б. құстар үзбей балапандайды, түлкі, көгілдір түлкі, қоңыр аю, сервал, амур және суматра жолбарыстары, қабылан күшіктейді, марал - бұзаулайды, жалды қой - қоздайды, сібір тау ешкісі - лақтайды, зебр - құлындайды, үнді пілі - туады.

Хайуанаттар паркінің қызметкерлері экскурсиялар өткізіп тұрады.

12.07.2010 15:49 Қазақ тілі Артем 2194 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход