Menu
Өлең сөздің патшасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының кез-келген өлеңдерін, дастандарын, прозалық шығармалары мен қара сөздерін алсаңыз, оның мағынасында үлкен тәлімдік мәні бар адамгершілік мәселелерінің жатқанын көресіз. Біз осыдан соң ақынның өз шығармаларын жай шабытын шығару үшін ғана емес, үлкен мақсатпен, терең оймен жазатынын байқаймыз. Оның өлеңдерінің бір бөлігі қоғамның келешегі жастарға арналады. Оларда ақын жастарды білім алуға, адал еңбек етуге шақырады:
Ақылды сол – ынсаппен ар сақтайды
Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды.
Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,
Жан үшін адамшылық ар сатпайды.

Қазақта «жаным – арымның садағасы» деген сөз бар, дүниеде адамға ғана тән, ар, ұят, ождан бәрінен де қымбат. Жеке адамның дамуында кездесетін уақытша қиындықты жоғары саналы әрекетпен жеңу, адамзаттық сапаларының бағасын арттырады.

Ол барша адамзатты бауыр тұтады. «Анадан алғаш туғанымда...» өлеңінде:
Еңбекке шыда, ебін тап та,
«Сабырдың түбі – сары алтын».
Өзімшіл болма, көпті ардақта,
Адамның бәрі - өз халқың.
Ынсап пен мейірім, әділетті,
Жанындай көріп, жан сақта.
Ол жолда өлсек неміз кетті,
Мақсұтқа жетпей қалсақ та – деп бірлікке, тұтастыққа жетудегі имандылық жолын ұсынады.
02.11.2014 09:52 Қазақ тілі Артем 1529 0
Имя *:
Email: