Menu
Отырар қаласы
Отырар, Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб-Сырдарияның орта алқабында орналасқан көне қаланың орны. Отырар VІІІ ғасыр басынан Тарбанд деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түрік руна жазбаларында кездеседі. VІІІ ғасырдағы араб географы Якут Тарбанд Тұрар, Тұрарбанд, Отырар – бір қала деп жазады. Х ғасырдың географиялық жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне аймақ қала екені әл-Магдисидің еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қаласы аймақ есімімен Фараб аталған. Х ғасырдан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Жазба деректерге қарағанда, ХІІ ғасырдан бастап Отырар деген атау қалаға біржола бекітілген сияқты. Жалпы стратегиялық қазба жұмысы Отырар қаласында жеті дәуірден тұратын мәдени қабаты бар екендігін дәлелдеп берді. Егер оны тарихи дәуірлеу жағынан алсақ, б.д. ІV ғасырынан соңғы орта дәуіріне дейінгі яғни (ХVІІІ ғ.) қалада мың жарым жылға жуық өмір сүру болғандығын көреміз. ХІ-ХІІ ғасырдағы мәдени қабатқа жататын материалдық заттар Отырар қаласындағы қолөнердің дамып, өзінің ең биік шырқау шыңына жеткен мезгілі. Бұл мезгіл Қазақстандағы Қарахан феодалдық мемлекетінің дамыған кезі.

1218 жылы Хорезмшах Мухаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғысханның керуендегі көпестері өлтірілді. Бұл монғолдардың Орта Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі.

1219 жылы көктемде Монғолиядан жорыққа аттанған 200 мың әскер күзде Отырарға жетті. Монғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады, тірі қалғандары Монғолияға айдап әкетілді. Бірақ 1219 жылы апаттан кейін Отырар қайта жанданды. 1255 жылы армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. Отырар дүниежүзілік саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарады. Ақ Орда хандары, әсіресе, Ерзен мұнда медреселер, мешіттер, кесенелер салған. Жошы ұлысы құлағаннан кейін Отырар Темір мемлекетінің құрамына кірді. Темір мирасқорлары мен Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті. ХVІ ғасырдың екінші жартысынан қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен, ХVІІІ ғасырдың басына дейін өмір сүрген.

Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Қала дуалмен қоршалған. Қаланың үш қақпасы болған. Орталық қақпа оңтүстік жағына орналасқан.

12.07.2010 15:54 Қазақ тілі Артем 15695 4
Камил   16.01.2011 10:18
Сайт супер, спасибо что помогает!
Ali   15.01.2011 19:49
dry норм. сайт но азақ зат про Отрар sad angry
Ергали   10.12.2010 14:58
vgccc
самат   22.11.2010 00:42
реферат Отырар апаты
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход