Menu
СПИД
Диагноз-үкіммен пара-пар. Вируспен зақымданған организм өзін өзі қорғай алмайды-керек десеңіз жәй тұмаудың өзі қайғылы оқиғаға алып келеді. 21 ғасыр безгегі «жаппай қыру құралына» айналды. Ғалымдар мен дәрігерлер дабыл қағуда: бұл жәй эпидемия емес, бұл-пандемия. СПИД қатты жылдамдықпен таралып, жыл сайын миллиондаған адамдарды қыруда. Көзге көрінгісіз жау адамдардың басына төнген қара түнек сияқты. Ол ештеңеге қарамай, жасты да кәріні де, балалар мен үлкендерді де жазалауда. Вирус Қазақстанда да асқынып тұр. Қазіргі күнде елде 6 мыңға жуық ВИЧ-зақымданушылар тіркелген. Қазірден бастап әрекет етпесе, бұл үшін болашақта жауап беруге тура келеді-эпидемия ұлттық апат сипатын алуы мүмкін. Ресми мәліметтерге қарағанда, Астанада 68 ВИЧ –зақымданушы тіркелген. Олардың жартысынан көбі-басқа жақтан келгендер. Аурулардың негізгі бөлігі нашақорлар, олар ауруды шприц арқылы жұқтырады. 30 пайызға жуығы-жезөкшелер мен олардың қызметін қолданатын ер азаматтар. Олардың бәрі астаналық СПИД-орталығының бақылауындағы тұрғындардың әлсіз тобына жатады. Отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда сенім пункттері жұмыс істейді. Онда тегін шприцтер мен презервативтер беріледі, анонимді кеңес берулер жүргізіледі. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, олар осындай топтағы адамдармен байланыстарын жақсартқан: өткен жылда олардан 2 мыңнан аса нашақорлар мен 200-ге жуық коммерциялық секс қызметін көрсетушілер көмек сұраған. Соңғылары есепке алынып, жүйелі түрде ВИЧ – ке анализдерін өткізіп тұрады. Астанаға күнкөріс қамымен тек республика аймақтарынан емес, сол сияқты ТМД елдерінен де бәсекелестері келіп тұрады. Олардың басым көпшілігі ВИЧ –ке анализ тапсыруға асықпайды. Аурулар саны өсуде, әзірше дәрігерлердің қолында сенімді вакцина бола қоймағанымен, жалғыз қару –ол СПИД –тің алдын алу туралы нақты ақпараттар.
12.07.2010 11:38 Қазақ тілі Артем 3452 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход