Menu
Студент көктемі
Алғаш рет «Студент көктемі» Целиноград қаласында 1981 жылы өтті. Фестивальде жоғарғы оқу орындары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсететін. Кейінірек, қабырға газеттері мен ақындар сайысы, сондай-ақ, КТК чемпионаты өткізілетін болды. 1992 жылы Ақмола «Студенттер көктемі» фестивалінің жеңімпаздары республикалық слеттің ақтық сынына қатысты. Алты жыл өткеннен кейін, қарамағына «Студент көктемін» алған, бірінші «Болашақ Қазақстан үшін» жастар қозғалысы құрылды. Қала елорда болғалы фестиваль қала жастары өмірінің басты қызығына айналды. Жаңа «Студент көктемінің мырзасы мен ханымы» байқауы ұйымдастырылды. Ал фестивальдің жабылу салтанатында мерекелік бал өткізілді. Бүгінде фестиваль жеті күнге созылған мерекелік марафон іспеттес, оған қаланың ең белсенді әрі дарынды жастары қатысады. Спортшылар баскетбол, жүгіру мен теннистен жарысқа қатысып, бақ сынасады. Шығармашылық дарыны бар қыз-жігіттер авторлық және патриоттық әндер байқауын өткізеді. Ақылдылар түрлі дебат турнирлерінде, конференция мен дөңгелек үстелдерде интеллектуалды сайыстар ұйымдастырады. Ал сұлулыққа жаны құмарлары сұлулар байқауы мен дизайнерлер көрсетіліміне асығады.
12.07.2010 15:11 Қазақ тілі Артем 2277 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход