Menu
Тутанхамон қабірінің құпиясы
Ең сұмдығы, пирамида қуыстарының, бөлмелерінің құпиясын ашқан ғалымдар, зерттеушілер, археологтар бірінен соң бірі қайтыс бола берген. Әуелде тас мүсінде вирус бар деп саналғанмен, соңынан эпидемиологтар, дәрігерлер ешқандай вирус таба алмаған. Сөйтіп, түсініксіз опатқа «перғауынның қарғысы, кегі» деген ат берілген.Ежелгі перғауындар жайлы сөз болғанда Тутанхамон қабірінің құпиясын ашқан Говард Картердің экспедициясына тоқталмай өту мүмкін емес. Ұзыннан-ұзақ созылған дәліз, көп есіктер. Говард ең негізгі есікті ашып, бөлмеге енгенше көп сандалды. Қолындағы шырақпен арлы-берлі ұзақ жүрді. Әрбір есікті ашқан сайын көзге түсетіні тас еден, тас қабырға, бос бөлме... Кенет ауыр есікті күшпен итеріп ашқан Говард табалдырықта тұрып қалды. Сөйтті де тез ішке еніп кетті. Баспалдақтан түсіп келе жатқан Лорд Карнарвон мен Эвелин Герберт «Сіз бір нәрсе көрдіңіз бе? Неге үнсіз қалдыңыз?» деп жарыса сұрады.

— Иә, — деп жауап берді Говард қуанышпен, — шынында да ғажайып дүниелерге тап болдым.

Картер тапқан саф алтыннан жасалынған дүниелер, бастан-аяқ алтынмен апталған Тутанхамон мен оның әйелі Анхесенепаамонның және балаларының денесі табылған бұл қабір 3300 жыл бойы жұмбақ болып келген. Осынау ұшан-теңіз байлық келе-келе ұлы өнер туындысына айналды.Картер сол кезде өзінің үлкен жаңалық ашқанын білмеді. Бұл оның ең соңғы экспедициясы еді және аталған сапар оны шексіз атақ-даңққа бөлеп кетті. Алайда, Тутанхамон қабірін қазып, ондағы мол қазынаны мұрағатқа өткізіп, абыройы асқақтаған Говард Картер ... екі аяғынан бірдей айрылып, мүгедектер арбасына таңылып қалды. Терісі түгелдей зақымданып, шашы мен тырнақтары да өз-өзінен түсе бастады. Ағзасы жартылай уланған Говард тек дәрі-дәрмектің көмегімен ғана тірі жүрді. Қалған өмірі нақ тамұқтың өзіне айналғандай еді...Ежелгі перғауындардан қалған мына бір сөз кімнің де болсын үрейін ұшырары сөзсіз: «Кімде-кім мәңгілік тыныштығымызды бұзар болса, оның жазасы тек өлім!»

12.07.2010 15:52 Қазақ тілі Артем 3706 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход