Menu
Жастар және нашақорлық
Бабаларымыз “Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал” деген екен.

Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты өткір мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы он жылда еліміздегі нашақорлар тобы молайып, оның ішінде балалар арасындағы есірткіге құмарлар қатары 13 есе өскен екен. Соның ішінде есірткі дертіне шалдыққандардың жасы отыз жастан жоғары емес. Бұл жағдай күннен-күнге есірткі пайдаланушылардың “жасарып” келе жатқандығын дәлелдейді. Талай жеткіншек нашақорлық салдарынан қауіпті кеселдің құрбанына айналып, жыл сайын ата-ана, туған-туыстарына қайғы-қасірет әкеліп жатыр.

Алматы қаласында есірткілік және психотропты, сонымен қатар әсері күшті басқа да заттарды медициналық емес мақсатта пайдаланғандығы үшін 6 мыңнан астам адам есепте тұр. Мұның жартысы жасөспірімдер. Наркологтар қазіргі кезде нашақорлықпен сырқаттанатын адамдардың саны маскүнемдікке шалдыққандар санымен теңесіп қалды деген мәліметті айтады.

Нашақорлық - бұл есірткі заттарды (гашиш, марихуана, героин және басқа) қолдану салдарынан пайда болатын ауру. Нашақорлық, яғни наркомания ежелгі гректің “нарко” деген сөзінен шыққан, ол “қозғалыссыздық”, ал “мания” “ессіздік” деген мағынаны білдіреді. Осы ұғым бұл аурудың нағыз мәнін сипаттайды. Есірткі қабылдайтын барлық адамдар есірткі заттарға тәуелді болып, соның салдарынан оларға барған сайын үлкен доза керек болады.

Есірткі заттарға апиын (опий), кокаин және басқалар жатады. Апиынға құмарлық- адамзат тарихындағы ең ежелгісі. Ол көкнәрдан жасалған заттарды қабылдаумен байланысты. Морфий 1806 жылы опийдан алынған. Оны Наполеон әскерінің әскери химигі ашқан. Ағылшын ғалымы Вуд морфийды ауруды басатын дәрі ретінде теріге енгізуді ұсынады. 1875 жылы “морфийшілдік” деген термин пайда болды. Апиынға құмарлық өте жылдам дамитынын айта кеткен жөн. Кокаин де бізге ежелден жеткен препараттардың бірі болып саналады. Неғұрлым көп тарағаны кенеп шөп немесе қара сора ( конопля), гашиш,анаша, марихуана препараттарын қолдану.

Есірткінің адам организміне әсерін зеттеуге австралиялық дәрігер Зигмунд Фрейд үлкен үлес қосқан. Ол алғаш рет кокаинді қолданудан кейін дамитын “кокаиншілдік” ауруының белгілерін сипаттап берді. Өткен ғасырдың ортасында кокаиншілдік толқыны Солтүстік Америка елдерінде кеңінен тарады.

Нашақорлықты емдеуден гөрі алдын алу жеңілірек болады. Нашақорды емдеу үшін 3-6 айдан бастап 2 жылға дейін уақыт қажет. Мәліметтер бойынша нашақорлардың тек 5%-ы ғана өздігінен қалыпты өмірге оралатыны мәлім. Ал қалған 95%-ы не болады ? Егер бұрын жағдайы нашар ортадан шыққандар ғана нашақор болса, ал қазір бұл эпидемия қоғамның барлық деңгейін қамтып келеді. Нашақорлық ұлт таңдамайды. Есірткіге құмарлық өмір бойы сақталуы мүмкін. Тек санаулылары ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады. Қауіптен құтылудың ең дұрыс тәсілі – оларды ешуақытта татып көрмеу.
12.07.2010 11:35 Қазақ тілі Артем 12235 1
erlan   14.09.2011 20:53
маған нашақорлық жайлы реферат керек еді, тауып беріңдерші
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход