Menu
Жастар және қоғамдық ұйымдар
Жастар кез келген мемлекеттiң кешендi дамуы үшiн стратегиялық ресурс болып табылады. Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Мәліметтер бойынша жастар ұйымдарының саны екі есеге дейін өскен және қазір бұл көрсеткіш 743 –ті құрайды, оның ішінде ұйымдардың басым көпшілігін құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша оларға ақпараттық-кеңес берушілік, әлеуметтік көмек көрсету бойынша қызмет ететін бірлестіктер құрайды. Барлық қоғамдық бірлестіктердің жұмыс атқару формалары мәдени-көпшілік және патриоттық акциялар, қайырымдылық іс-шаралары, концерттер, пікір-сайыстар, интеллектуалдық ойындар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» және басқалары болып табылады.
Табысты жастар ұйымдарының қатарына «Жас Отан» ЖҚ (40,6%) және «Жасыл ел» (27,8%) енген. Бұл бірінші кезекте аталған ұйымдардың қаржылану көлемімен, олардың жұмысының форматымен және қызметтерінің БАҚ-та кеңінен насихатталуымен байланысты.
Сонымен қатар, жас азаматтардың, жас ерекшеліктеріне қарай Отанында болып жатқан маңызды халықаралық оқиғаларды дұрыс сезінуі қуантады. Бұдан әрі жастардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын бағалау жүргізетін болсақ, негізінен жастар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне жастар ұйымдарының қызметіне қатысу арқылы араласады.
02.11.2014 09:52 Қазақ тілі Артем 2850 0
Имя *:
Email: