Menu
ЖИТС – XXI ғасыр індеті
ЖИТС – жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы – жынысқа, жасқа қарамайтын жұқпалы дерт. Әзірге бұл дерттен құлан-таза айықтырып жіберетіндей дәрі табылған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның деректері бойынша, жер шарында бүгінге дейін 30 млн. астам адамның осы ауруды жұқтырғаны тіркелген. ЖИТС – жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы көбінесе 20 жастан 49 жасқа дейінгі адамдар арасында жиі кездеседі.

ЖИТС – бұл иммунитет жетіспеушілікті синдром. ЖИТС – науқасын шақыратын вирусты 1983 ж. француз ғалымы Л. Монтанье тапты. Ал 1984 ж. американдық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. Ауру қоздырғышы – ВИЧ / АИТВ адамның иммунды тапшылық вирусы адам ағзасына еніп, адамның ауруға қарсы күресу қабілетін қамтамасыз ететін Т- лимфоциттерді зақымдайды. Мұндай жағдайда адам ағзасы вирусқа қарсы тұра алмайды. Вирус жоғары температураға ( 560 –қа дейін қыздырса, қайнатқанда тез өледі ), 70%-ды спиртке, 3%-ды хлороминге төзімсіз. Вирустың белокты қабаты болады, сондықтан құрғап, қатып қалған қанның немесе сілекейдің тамшысында бірнеше күндер көлемінде сақталынады, ал қолайлы жағдайда бірнеше апталар бойы сақталуы мүмкін. Сондай-ақ соңғы кездері бұл вирустың қатерлі ісік ауруын туғызуға қабілетті екендігі де анықталды.

Қазақстанда 2001 жылдың 1 қаңтарына дейін алынған есеп бойынша осы дерттің қоздырғышын жұқтырғандар саны 1347 болса, қазірде ол 2000-нан асып отыр. Бұл дертпен ауыратындардың 73%-ы Қарағанды облысын мекендегендер. Ал ЖИТС-тің нақ өзімен 50 адам ауыратындығы анықталған. Бұл дерт бірден байқалмайды.
Оның алғашқы белгілері аурудың қоздырғышы тәнге енгеннен кейін 5-10 жылдан кейін байқалады. Бұл жылдар ішінде ол адамның ауруын бірнеше ондаған, жүздеген адамға жұқтыруы мүмкін. АИТВ/ ЖИТС кеселін ауру адаммен жыныстық қатынас жасаған кезде, тазаланбаған инемен егу кезінде, дертті адамға қан құйған сәтте жұқтыру мүмкіндіктері басымырақ.

12.07.2010 11:37 Қазақ тілі Артем 9468 1
Seka   24.11.2010 21:46
nono fuuuuuuuuuuuuuuuu
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход