Menu
Журналист тұлғасы
Журналист өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Әрбір мамандық сияқты, журналистің де өзіне қатысты білімі, іс-тәжірибесі болмақ. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио, телевизия жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші–ұйым дастырушылдық, екінші-әдеби өңдеу, үшінші-шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылысытардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет.

Журналистің тағы бір қасиеті – оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиғ құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел, жариялап отыруы міндет.

Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принцптердің бірі. Өйткені, журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес-мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек.

Сондай-ақ, журналистік мамандық басқа да кейбір мамандықтар секілді қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты жұмыс істеп, есептесіп отырады. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да, үкімет те қорғауға, қолдауға міндетті.

Журналист – шығрмашылық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болу тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы тиіс.

12.07.2010 16:07 Қазақ тілі Артем 3967 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход