Menu
60-80 жылдардағы ортасындағы Қазақстандағы нақты социализм
1964 ж. Кеңес Одағында партия аппаратында төңкеріс болды. Жаңа басшылар басына Л.И.Брежнев келді. Жаңа басшылар Н.С.Хрущев басқаруын – субъективтік волюнтаристік саясат деп кіналаді. Жаңа басшылық өздерін реформаторлармыз деп, социалистік экономиканы сауықтыруға кірісті. 1965 ж. наурыз және қыркүйектегі Орталық Комитет пленумдарында, шаруашылық механизмін жетілдірудің тарихи директивалары қабылданды. Басшылық тоқырау проблемаларын экономикалық қатынастарды өзгерту арқылы шешуге тырысты. Бірақ, бұл шаралар түпкілікті өзгерістерге әкелмеді.

КОКП-ның бүлінуі оның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қатерлері ұлттық қатынасқа әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық оларды мүлтіксіз әрі ешқандай проблема жоқ деп санады. Ұлт мәселесін шешудегі табыстарды асыра бағалау кемелденген социализм концепциясынан туындады. Нақ осы дәуірде ұлт мәселелері жүйесінде проблемалар шешілуінен гөрі шапшаңырақ қордаланды.

Федералдық мемлекет ретінде болжалып, 1922 ж. құрылған КСРО іс жүзінде унитарлық мемлекетке айналып кетті. Ондағы Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін-өзі билеуге іс жүзінде ұмыт болды. Бүкіл Кеңестік тарихтың өң бойында кеңестік федерализм жағдайында даралану тенденциясы болмайды, социалистік ұлттардың федерациядан шығу қажеттігі пайда болуы мүмкін емесдеген пайымдау үстемдік құрды. Сондықтан да партия және мемлекеттік органдар ұлттардың өзін өзі билеуін біржола жүзеге асырылған іс деп саналған. Мұндай пайымдаудың дәлелі мына жағдай болды. КСРО-дан еркін шығу құқы болғанмен бірде-бір халық оны пайдаланбады. Бұл жерде нақты өмір шындығы есепке алынбады, саяси демократияның бұрмаланғандығы салдарынан бұлайша ерік білдірудің өз мүмкін емес еді.

Қаралып отырған дәуірде интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық құрсауда болатын. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдады. Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Осы мағынада алғанда интернационалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды.

Мәдениетті дамытудағы табыстарға қарамай рухани қайта түлету проблемасы көлеңкеде қалып қойды. Түрі ұлттық мәдениет, оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды. 70-80 жж. ұлттық салт-санадан гөрі Кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Ұлт республикаларында, қоғамдық-саяси өмірде европоцентризм басым болды. КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау процесі жүрді, мұның өзі социалистік республикалардың ұлттық мемлекеттік, мемлекеттік егемендік және территориялық тұтастық құқықтарын мойындамауаға алып келді. Біздің тарихымыздың бөліп алуға болмайтын бөлігі болып табылатын көшпелілік цивилизациясы мен шығыс мәдениетінің бүкіл қабаты жауып тасталды, адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүр етілді. Мұның керісінше Кеңес дәуірінің тарихы барынша әспеттеліп баяндалды. Ресми органдар мен насихат қазақ халқының және Одақтың басқа халықтарының нағыз тарихы тек 1917 жылданбасталады деп жұрттың бәріне тықпалады.

Шұғыл интернационалдандыру, ұлттық мүдделерді есепке алмай бюрократтық және күштеп-қудалау әдістерімен біртұтас совет халқының қалыптасуын шапшандатуға тырысу ұлт саясатында өрескел ағаттықтар мен елеулі қателіктер жіберіге әкеліп соқтырды. Ал шынайы интернационализм «өз» ұлтыңның да және басқа ұлттардың да ұлттық мүдделерін түсініп, мойындамайынша мүмкін емес еді. Ұлтшылдық ең алдымен ұлттық мүдделерді кемсітуден пайда болды.

Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеп соқтырды. Республикада кеңінен насихатталған қос тілділік оның екеуіне бірдей қараған жоқ. Орсы тілін республикада қазақтардың 60 проц. менгерсе, қазақ тілін орыстардың 1 проц. де азы меңгерді. Қазақ тілі оның толыққанды өмір сүруіне қажетті 50 әлеуметтік міндеттің 10-ын ғана атқарды. Ол тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95 проц. орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 проц. эфирге орыс тілінде шықты. Мұның үстіне мынаны айту қажет: қалалардың, елді мекендердің, колхоздардың, совхоздардың, көлдердің, өзендердің, таулардың аттары орыс тілінің позициясын нығайтуға қызмет етті.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход