Menu
Түріктердің діни сенімдері
Шығыстан Батысқа қарай керуендер жүретін Ұлы Жібек жолының бойындағы көптеген сауда қалалары Түрік қағанаты бақылауына көшті және берілді. Түрік қағанаты өздерін құлдықтағы елдерінің халықтарымен сыпайы – ұстауы, жергілікті салт дәстүрлермен санасуы, жергілікті құдайларды тануы да оларға өз септігін тигізді. Бұның бәрі түркілердін өздерінің Ұлы империясын әскери күшке негізделіп кұғанымен, оларға солтүстікте Енисей менҚытайға дейін, оңтүстікте Иранға дейін, батыста Қара теңіз, Шығыста Кореяға дейінгі аралықты алып жатқан Ұлы держава құруға қол жеткізді.

Көне түріктердін дінисенімдер туралы біздін заманымызға жеткен Қытай жазба дереккөздерінде «Вэйшу» және «Суйшу» жылнамаларында сақталынған.

«Вэйшу» жылнамаларында түріктер аруақ, аспан рухына және Бодын- Енлі немесе «Ыдық баш» қасиетті тауына табынған туралы мәліметтер сақталды.Бодын-Енлі ежелгі түрік тілінде рух,елдін қамқоршы деген мағынасын білдіреді. «Суйшу» жылнамасында жазылған: «Шайтандарға, рухтарға тағзым етеді, шамандарға сенеді.»

Осындай діни сенімдері «анимисттік генотеизм» деп аталанады, сондықтан әр-бір рудын, бүкіл елдін жоғарғы құдайы аспан мен жарықтын құдайларымен бір қатарында тұрған.Ру құдайлары- кішкентай құдайлар – жер,су, өсімдіктердін рухтары. Сондай кішкентай құдайлар руды жамандықтардан қорғайды деп саналған.

Ең маңызды діни сенімі түріктерде – Тәңірге табыну. Бұл туралы орхон жазуларында жазылған: «Жоғарыда - әке – Көк аспан, төменде – Жер-ана, арасында адам балалары туған» Түріктер үшін – аспан-әке, ата-бабасы. Билеушілердін көбісі өздерін Аспанның балаларымыз деп санаған, сондықтан өздерінің шығу тегісін құдайлардан жүргізетін.

Тауға табыну – ол Алтай түріктердін меншігін – шатқаларды құрметтеумен байланысты. Бүл ру табуының кәсіпшілікпен түптеуі. Әр рудын өзінің Алтайы болған, ру мүшелерін асырайтын. Бұл табыну – тау, өзен, көл рухтарына емес, тауларға өзендерге, көлдерге өздеріне табыну, немесе түріктер табиғатты жандандыру еткен.

Алтайда 7 ғасырда екі діни жүйесі пайда болған. Анимизм – Сібір халықтарымен байланысты, және аруаққа табыну.Анимизм –адамның, хайуанаттардың, өсімдіктердін, заттардын рухы бар деген сенуінің жүйесі.

Аруахқа табыну сенімдері түріктілдес, моңғолтілдес тайпаларымен Ұлы Даланың оңтүстік жағасынан әкелінген. Аруахқа табыну тотемизмге жақын болған. Мысалы түріктер Тарланға табынған, кейіңнен осы табыну аруахқа табынуына айналған. Бірақ, 6 ғасырдын аяғында 7 ғасырда тотемизмге табыну жойылды. Қоныстанған Ашина түріктер таулы Алтайдын жұрттарымен тығыз байланыстарда болған, сондықтан діни сенімдердін ерекшілігі – синкретикалық сенімдер пайда болған. Синкретизм – біріктірілген бір неше сенімдерін түрлері. Кошпелі түріктердін діни сенімдердін ерекшелігі – адам мен табиғаттын қосылуы.

Үмай – ошақтың және балалардын қамқоршысы болып табылған. Кейбір Алтай халықтарында ұмайға табыну 19 ғасырға дейін пайда болды.Түрік тайпаларда ең қасиетті – Тәңір, Ұмай және «ыдуқ Иер-Суб» (қасиетті Жер-Су), аруахқа табыну болған.

Түрік сенімдердін қатарында түрік халықтарында басқа әлемдік діндер де тараған – буддизм, христиан, манихейлік.

9 ғасырдын аяғында-10 ғасырдын басында түріктілдес халықтардын арасында исламдандыру процесы басталды.

Буддизм діні ең алғашқы реттерде түрік билеушілердін арасында тараған. Бүл процесс идеологиялық мақсаттарымен байланысты болған. Дін арқылы билеушілер бүкіл түрік тайпаларын бірлестіру үшін қабылдаған.Буддизм Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда едәуір дәрежеде кең тараған. Ең әуелі бұл осы өлкеден буддалық құрылыстардың табылуынан көрінеді.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход